Filtrar por género
OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
- 71 - Депутат Жұлдыз Сүлейменова: Әйелдердің саяси белсенділігі ауадай қажет
OY-DETOX қонағы - Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Біз Жұлдыз ханыммен саясаттағы және қоғамдағы әйелдер туралы әңгіме өрбіттік. Сондай-ақ, Жұлдыз Досбергенқызы Ақтөбе облысындағы іссапары мен топан судан кейінгі халықтың жағдайы туралы да айтып берді.
Жалпы эпизодта келесі мәселелер сөз болды:
депутат әйелдер неге аз? қоғам әкім әйелге дайын ба? харассмент және емеурін таныту (домогательство) дегеніміз не? әйелдердің дауысы VS ерлердің мысыосы және өзге де маңызды мәселелер туралы подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамыздан көре аласыздар.
Таймкод:
00:00 - кіріспе
00:22 - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Алматыға қандай мақсатпен келді?
02:10 - Топан судан кейін Ақтөбе облысының жағдайы қандай?
12:13 - депутат әйелдер неге аз?
14:58 - қоғам әйелді әкім ретінде сайлауға дайын ба?
19:56 - БҰҰ-ның әйелдерге қатысты зерттеуі
22:05 - “әйел әйел болғаны үшін депутат болуы керек деген ойдан аулақпын”
23:10 - Гендерлік бюджет ұғымы
28:25 - саяси додадағы әйелдер мен олардың саяси амбициясы
31:55 - ерекше қажеттілігі бар балалар мен оларды бағып отырған әйелдердің жағдайы
32:58 - әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға арналған “Томирис” бастамасы
36:49 - Ер-депутаттардың көп болуы ондағы аз әйел депутаттың мысын баспайды ма?
40:42 - Антихарассмент туралы заң
45:05 - Алимент өндіру бойынша жоспарлар
49:45 - әйелдерге саясатпен айналысқан қиын ба?
Жұлдыз ханымның инстаграмы - https://www.instagram.com/deputat_zhuldyz_suleymenova/
Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Thu, 01 Aug 2024 - 56min - 70 - Защитить себя без общественного резонанса почти невозможно
В гостях у OY-DETOX - Шынар Жанибекова, PR-эксперт и CEO агентства диджитал-коммуникаций Media Marketing
Мы встретились с Шынар, чтобы обсудить профессиональные вопросы, но разговор получился гораздо более личным и откровенным. Шынар поделилась своей историей о тяжелом бракоразводном процессе, бытовом насилии и тех вызовах, с которыми сталкивается современная женщина, решившаяся на развод.
В нашем эпизоде мы обсуждаем:
Как будет работать закон по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей? Можно ли достигнуть правосудия без общественного резонанса? Нужно ли работать с абьюзерами? Почему женщине важно работать?Конечно, мы поговорили и о современном рынке PR и SMM, и чем именно занимается возглавляемое Шынар агентство диджитал-коммуникаций Media Marketing.
Об этом и многом другом слушайте на всех подкаст-платформах и смотрите нас на YouTube.
Instagram Әйнел Әмірхан - https://www.instagram.com/ainelkai/
Instagram Media Marketing - https://www.instagram.com/mediamarketing.kz/
Таймкод:
00:00 - знакомство с гостем
02:10 - абьюз: как это случилось?
09:15 - несправедливость и отношение полицейских к ситуации
11:00 - что случилось после заявления?
13:30 - почему всех удивила эта ситуация?
14:07 - рассказывала ли она родственникам, друзьям?
15:06 - “А есть ли у меня план отступления?”
16:12 - скандал и сломанная нога
18:38 - пост и скандал во время тренинга
20:48 - “Он забрал ключи у детей.”
21:35 - звонок свекрови
22:20 - как делили имущество?
25:07 - есть ли у бывшего мужа законодательные запреты?
27:41 - почему после абьюзивных отношений Шынар осталась справедливой?
32:03 - была ли поддержка со стороны мужчин?
33:02 - повлияло ли на Шынар последнее дело Салтанат Нукеновой?
36:55 - когда появились предпосылки абьюза?
41:20 - “Он залез во двор… у младшего сына паника…”
42:15 - ходил ли бывший муж к психологу?
43:42 - поможет ли работа с абьюзерами?
48:04 - о маркетинговом агентстве Media Marketing
51:50 - как найти хорошее маркетинговое агентство?
55:05 - какой у агентства средний чек?
56:50 - о новом проекте
59:53 - офис в мета-вселенной
01:01:16 - СММ — это картинка?
Tue, 23 Jul 2024 - 1h 04min - 69 - Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика
OY-DETOX қонағы «Мінбер» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, SDU ассистент-профессоры Есенгүл Кәпқызы. Биыл Есенгүл ханым негізін қалаған «Мінбер» өзінің 15 жылдығын атап жатыр. Осы келелі датаға орай, біз Есенгүл ханыммен кездесіп, отандық журналистика, жуырда қабылданған масс-медиа туралы заң, ақылы посттар, "қанды блогерлер" мен журналистік этика туралы сөйлестік. Әлбетте, Мінбердің қызметіне де тоқталуды ұмытпадық.
Эпизодты тыңдап қана қоймай, YouTube және Spotify парақшаларынан көре де аласыздар.
Таймкод: 01:50 - Есенгүл Кәпқызы кім? 06:05 - 1990 жылдар, Моңғолиядағы қазақтар, қандастар мәселесі, көші-қон мен азаматтық алу, елдегі проблемалар 15:15 - Мінбер ұйымы қалай құрылды?, қанша журналист тренинтеріне қатысты және ұйым қандай бастамаларға мұрындық болды? 28:00 - мемлекеттік тапсырыс, донорлық ұйымдар, журналистикадағы білім сапасы мен отандық журналистиканың жағдайы 31:55 - Неге 15 жылда "Мінбер" үлкен ұйымға айналмады? 36:37 - OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 37:58 - Есенгүл ағылшын тілін қалай үйренді? 43:30 - журналистика факультеттерін жабу керек пе? 48:00 - ақылы посттар, cancel culture және журналистік этика 56:30 - Мінбердің алдағы 15 жылға жоспары қандай?
Есенгүл Кәпқызы мен Қалима Тәжіқұл «Масс-медиа туралы» Заң нормаларын түсіндіретін вебинарға сілтеме https://www.facebook.com/share/p/tCQzHPyReaHsTGKj/?
Мінбердің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/minber.kz?igsh=bjliNDE5ZGNlc2Vz OY-DETOX-тің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox?igsh=azF0YWU3a3M2MmZy
OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 1. Патрон арқылы, ол үшін арнайы сайт арқылы тіркеліп, $1-дан $20-ға дейін ай сайын қолдау көрсетіп отыра аласыздар. Толық ақпарат - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 2. "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабын сатып алу арқылы - https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/
#zanmedia #mediaqoldau
Thu, 04 Jul 2024 - 1h 03min - 68 - Екі дүркін Азия чемпионы Айнұр Майханова: Өмірімді қырық жасымда қайта бастадым
Айнұр Майханова - гір көтеру бойынша екі дүркін Азия чемпионы. Айнұр 19 жасында тұрмысқа шығып, дене шынықтыру пәні мұғалімі болу туралы бала күнгі арманын араға 21 жыл салып жүзеге асырған адам. Бүгінде Аралдағы Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді, түрлі спорт додаларына Арал атынан қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. Сондай-ақ Айнұр жеке тігін ательесін дамытып отыр. "Өмірді қырық жасыңда қайта бастауға, расында да, болады екен" дейді кейіпкеріміздің өзі.
Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Mon, 01 Jul 2024 - 36min - 67 - Анар Бурашева - Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ қызы
OY-DETOX қонағы - Эверест бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева. Анар - әлем бойынша осы уақытқа дейін Эверест шыңын бағындырған 800-ші, ал Қазақстаннан алғашқы әйел болып отыр. Эвересті бағындыру арманы мен алғашқы болудың салмағы туралы OY-DETOX төрінде сөйлестік.
Сондай-ақ, біз Анармен спорт пен альпинизмдегі әйелдердің үлес салмағы, еліміздегі скайранинг пен марафондар деңгейі, Эверестке дайындық және оны бағындыру сәті, қорқыныш пен үміт туралы сөйлестік.
Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/
Анар Бурашеваның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/anar_burasheva/Бұл эпизод Kingston компаниясымен серіктестікте дайындалды. Kingston - жады карталарын, оперативті жады, SSD жинақтағыштарын шығаратын компания. Біз жұмысымызда былтырдан бері Kingston жинақтағыштарын пайдаланамыз және оның ауыр әрі көлемді файлдарды жылдам көшіру қабілетіне тәнтіміз. Әрі жеңілдігі де, ықшамдылығы да ұнайды. Компания туралы толығырақ Kingston сайтынан таныса аласыздар.
Сондай-ақ, шығарылым үшін жүргізушіге киім ұсынған GKost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақ тіліндегі подкастарды тыңдап, отандық бренд киімдерін қиіңіздер. Бренд киімдерін https://www.instagram.com/gkost_basic/ парақшасынан қарап, тапсырыс бере аласыздар. Инстаграм парақшасына жазылған OY-DETOX достарына 15% жеңілдік бар. Ол үшін Әйнел Әмірханның да парақшасына жазылған болу керек.
Thu, 13 Jun 2024 - 52min - 66 - Жыныстық сауат, венерологиялық аурулар мен отбасын жоспарлау туралы
OY-DETOX қонағы гинеколог-дәрігер Ирина Сугуровамен жасөспірімдердің жыныстық сауаты және әйелдердің денсаулығы туралы сөйлестік. Ирина - жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қауымдастық мүшесі, жиырма жылдық тәжірибиесі бар гинеколог-дәрігер. Ұл, қыз өсіріп отырған ата-ана болсаңыз, не жасөспірім жасындағы бауырларыңыз болса, өзіңіз де жыныстық денсаулық мәселесіне қызығып, қандай да бір мәселені уайымдап жүрген жан болсаңыз, онда бүгінгі эпизодымызды міндетті түрде тыңдап, көріңіздер!
Ирина Сугурованың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/dr.irinasugurova/
Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/
Таймкод:
00:00 - аңдатпа
00:28 - эпизод жазуға киім ұсынған Gkost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақша подкастарды тыңдап, отандық брендттерден киініңіздер
00:47 - эпизод Gedeon Rikhter компаниясымен серіктестікте дайындалды
01:15 - эпизод қонағы, дәрігер-гинеколог Ирина Сугурованы таныстыру, Ирина қазақша қайдан біледі?
03:28 - қай жастан бастап балалармен жыныстық сауат туралы айта бастау керек?
05:17 - қыздарға гинекологқа қанша жастан бастап келген дұрыс?
06:31 - ер балалармен жыныстық сауат туралы қалай сөйлесеміз?
08:12 - жыныстық сауат туралы сөйлесу ұят па?
11:15 - Қазақстанда жасөспірімдер қанша жастан бастап жыныстық қарым-қатынасқа түсе бастайды?
14:50 - жыныстық сауап бойынша жедел желі, тегін ақпарат алу мүмкіндігі мен жастарды мазалайтын негізгі сұрақтар
20:37 - жастар денсаулық орталықтары 10-29 жас аралықтарындағы жасөпірімдер мен жастарға тегін қызмет көрсетеді. Ссылканы қосу
21:05 - дәрігерлік этика мен өз дәрігерлеріңді таңдау жолдары
22:19 - жыныстық қарым-қатынас туралы мифтер
23:45 - жыныстық қарым-қатынаспен берілетін аурулар
25:01 - Қазақстанда жатыр мойын обырын алдын алу мақсатында қандай екпе жасалады? Қанша жастан бастап жасаса болады?
26:03 - жылына қанша әйел жатыр мойын обырынан қайтыс болады?
26:55 - екпе мәселесі, қоғамдағы қорқыныш пен оның қажеттілігі
29:53 - отбасыны жоспарлау дегеніміз не?
33:43 - ерлер бедеулігі, инфекциялар мен қазіргі статистика
36:36 - контрацепция қолдану мәдениеті мен ұят мәселесі
39:09 - сақтану жолдары
41:44 - контрацепция бойынша мифтар
43:29 - профосмотр, қыздық пен жеке мәліметтер
47:07 - дәрігерлік этика мен науқаспен қарым-қатынас мәдениеті
48:18 - кейінгі шегірілген аналық пен аналық ұрықтарды сақтау
53:24 - қандай міндетті скринингтардан өту керек?
Бұл эпизод Гедеон Рихтер компаниясымен серіктестікте дайындалды. Толығырақ https://www.g-richter.kz сайтынан таныса аласыздар. Гедеон Рихтер - 2020 жылдан бері әйелдерге өз денсаулығыңа қамқорлықпен қарауды насихаттап жүрген ұйым. Осы мақсатта https://www.instagram.com/kwh.kz/ инстаграм парақшасы жасалып, онда әйелдердің денсаулығы туралы пайдалы ақпарат жарияланып келеді.
Шығарылым үшін жүргізушіге киім ұсынған GKost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақ тіліндегі подкастарды тыңдап, отандық бренд киімдерін қиіңіздер. Бренд киімдерін https://www.instagram.com/gkost_basic/ парақшасынан қарап, тапсырыс бере аласыздар. Инстаграм парақшасына жазылған OY-DETOX достарына 15% жеңілдік бар.
Thu, 23 May 2024 - 59min - 65 - Жанар Байсеміз: Қыздың бәрі тұрмысқа шығып, бала тууға міндетті емес
OY-DETOX қонағы - Жанар Байсеміз, журналист, "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы. Эпизодта біз "Шетелдегі қазақ балалары" жобасының мақсаты, оның трансформациясы мен қоғамға жасап жатқан әсері туралы сөйлестік. Сондай-ақ, араға үзіліс жасап шыққан жобаның, осы уақыт ішінде жоба авторы Жанардың адам ретінде де, маман ретінде де трансформациясы, бүгінгі таңдағы ұят, қазақы тәрбие, жетім балалар ұғымдарының салмағы, кәрі қыздар мен қоғамдағы гендерлік теңдік мәселесі туралы да ой қозғадық.
Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://youtu.be/aAYXvboweII
Жанардың инстаграмы - https://www.instagram.com/janar_baisemiz/
Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Wed, 17 Apr 2024 - 2h 07min - 64 - Айгерім Құсайынқызы, Мөлдір Албан: Феминистер жау емес!
8 Наурыз - Халықаралы әйелдер күні қарсаңында фембелсенділер Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Албанмен кездесіп, олардың гүл орнына неге митинг қалайтынын сұрадым. Жалпы, әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? Бір айта кететіні, биылғы митинг болашағы белгісіз. Былтырдан бері фембелсенділер әкімдікке әйелдер шеруін өткізуге рұқсат алу үшін оннан астам өтінім жіберіпті, бірақ мерекеге санаулы күн қалса да әлі ала алмай келеді. Осы ретте, Айгерім және Мөлдірмен әкімдіктің шеруден қорқу себебі, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік, саясаттағы әйелдердің репрезентациясы мен миедиадағы феминистердің образы туралы біраз әңгіме өрбіттік. Көріп, тыңдап, ойларыңызды ортаға салыңыздар. Таймкод: 00:00 - аңдатпа 00:46 - кіріспе, қонақтарды таныстыру 02:00 - әйелдер шеруі мен митингтің қажеттілігі қанша? 04:40 - жұмыс тобында қанша адам жұмыс істейді? 06:08 - күрес VS мейрам. Күресудің қажеттілігі қанша? 11:54 - Феминизм деген не? 17:38 - Қазақстандағы феминизм портреті, шеру қатысушылары мен географиясы 26:52 - биылғы шеру ұраны мен жағдайы 30:00 - медиа алаңдағы репрезентация, саяси шешімдерге әсер ету мүмкіндігі, өнер адамдары мен депутаттармен жұмыс 51:31 - феминизм туралы ақпарат беретін кино, кітап, медиа тізімі Эпизодты YouTube арнамнан тамашалай аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw 8Marchkz инстаграмы - https://www.instagram.com/8marchkz?igsh=MXR4bWxvaGM3azlreg== Айгерім Құсайынқызының инстаграмы - https://www.instagram.com/kussaiynkyzy?igsh=dGR0NjBsank1MTd3 Мөлдір Албанның инстаграмы - https://www.instagram.com/moldiralban?igsh=MTdxOW5ibGlzeGR3 Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Fri, 01 Mar 2024 - 1h 02min - 63 - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА". Астанадағы талқы
"атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабының таныстырылы аясында Астанада да талқы өткізген болатынбыз. Талқыға қонақ ретінде әріптестерім Перизат Мырзахмет, Елдар Құдайбергенді шақырып, Бақытгүл Салыхова спикерлердің бірі, ал мен модаретор болдым.
Біз қарапайым подкаст деген не, подкастер деген кім деген сұрақтан бастап, оның формасы, мән-мағынасы туралы ой толғадық. Сұрақ қойып, белсенді болған барша аудитория мүшелеріне алғыс білдіремін. Бақытгүл Салыхова инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/bakytgulsalykhova/ Әйнел Әмірхан инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/ainelkai/ Alqa Publishing инстаграм парақшысы - https://www.instagram.com/alqa_publishing/
“атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА” кітабын танымал подкастерлер Бақытгүл Салыхова мен Әйнел Әмірхан жазып, қалың көпшілік назарына Alqa Publishing баспа үйімен серіктестікте ұсынды. Кітапты Kaspi дүкеннен сатып алуға болады https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/Mon, 12 Feb 2024 - 1h 19min - 62 - Грант беретін ұйымдармен жұмыс істеу қауіпті ме?
OY-DETOX қонағы - Анар Арынова, халықта ФЕЦА атымен танымал ұйымның жобалар менеджері. Біз Анармен Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, азаматтық қоғам, "Иноагенттер тізімі" және цифрлық құқық туралы сөйлестік. Сондай-ақ, бүгінде ФЕЦА (Фонд Евразия Центральной Азии) қолдаған жобалар мен жаңа ұйымдарға грант алу мүмкіндіктері туралы сөйлестік. Бірқатар мамандар Қазақстанда азаматтық қоғам тынысы тарылып келеді деген пікірді алға тартады. Осы ретте, петицияларды қабылдаудағы өзгерістер, шетел ұйымдардан грант алатын ұйымдар мен тұлғалардың тізімі, жаңа "Масс-медиа" туралы заң жобасы азаматтық қоғамның жағдайына әсер ете ме деген сұрақ аясында ойлар қамтылды. Таймкод: 00:00 - аңдатпа 00:32 - кіріспе және қонақты таныстыру 02:23 - Үкіметтік емес ұйымда (ҮЕҰ) кімдер жұмыс істейді? 03:18 - ФЕЦА деген не? 06:20 - ҮЕҰ қызметі, "иноагент" ұғымы және оның қоғамға әсері 13:33 - ФЕЦА қандай жобаларға қолдау көрсетеді? 27:35 - "Сіздің дауысыңыз маңызды" жобасы, цифрлық сауат, саяси шешімдер мен ондағы әйелдер мен жастардың үлес салмағы 47:58 - петициядағы өзгеріс пен оның қоғамға әсері 51:04 - шабыт беретін кино, кітаптар мен замандастар 58:34 - "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабы туралы Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=wHOXsZrTNGo ФЕЦА инстаграмы - https://www.instagram.com/efca_kz/ Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Thu, 01 Feb 2024 - 1h 00min - 61 - Назерке Маратқызы: YouTube арнамнан табыс көріп отырмын
Арал сапарында жазып алған екінші эпизодым. Эпизод қонағы - Назерке Маратқызы, "Толқын" Арал аудандық газетінің тілшісі, "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің қызметкері. Сондай-ақ, Назерке 90 000 астам жазылушысы бар YouTube арнаның авторы.
Біз Назеркемен аймақтағы гендерлік теңдік мәселесі, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысынан бастап, YouTube арқылы пайда табу, "ене мен келін" жағдайы, қоғамдық жұмыстың жеке басқа әсері туралы да талқыладық.
Назеркенің YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@NAZERKE.94
"Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/
Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Tue, 09 Jan 2024 - 39min - 60 - Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай?
Жуырда "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің шақыртуымен Қызылорда өңірі, Арал қаласына іссапармен барып, әріптесім Бақытгүл Салыховамен бірге "Адвокация және коммуникация негіздері" бойынша бір күндік тренинг оқып қайттық. Келгенімізді пайдаланып, "Тасадағы әйелдер" жобасын түсіріп, подкастымның екі эпизодын жазып алдық. Ал бүгін назарларыңызға "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің басшысы Ибраимова Лаура Қолғанатқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмын.
Аралдағы қыз-келіншектердің жағдайы қандай? Өңірде қандай проблемалалар бар? "Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігі қандай мәселелермен айналысады?
Осы және бұдан да өзге сұрақтарға жауаптарды подкаст эпизодынан таба аласыздар.
"Арал Ару Ана" қоғамдық бірлестігінің инстаграмдағы парақшасы - https://www.instagram.com/aral_aruana/
Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Wed, 27 Dec 2023 - 37min - 59 - Айна Задабек: шала қазақпын дей берсең, шала қазақ бола бересің
OY-DETOX қонағы - Айна Задабек, PR және тіл маманы.
Айнамен жылы эпизодымызды міндетті түрде тыңдаңыздар! Маған ерекше ұнаған, іштей қажып жүрген өзім үшін дер кезінде болған әңгіме болды.
Қазақ тілі туралы сөйлесуден не үшін шаршамауымыз керек? Тәуелсіздік пен тіл қатар жүретін ұғым ба? Тіл үйрену лайфхактары қандай? Қазақ тіліне жетпейтін не: саяси жігер не адами жігер?Осы және өзге де сұрақтар аясындағы біздің қызықты ой-талқымызды тыңдап, өз пікіріңізді ортаға салыңыздар.
Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94
Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
Айнаның инстаграмы - https://www.instagram.com/aina_zadabek/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Fri, 15 Dec 2023 - 1h 09min - 58 - 1 Fit стартабы: кім ашты, қанша ақша табады, қандай елдерде жұмыс істейді?
OY-DETOX қонағы - Асқар Ақшабаев, 1fit негізін қалаушылардың бірі. 1fit - Қазақстанда жылдам өсіп келе жатқан стартаптардың бірі. 1 абонемент алып, Қазақстанның 10 қаласында орналасқан серіктес спорт-залдарының кез келгеніне кез келген уақытта баруға мүмкіндік беретін қызмет. Осы ретте, 1fit негізін қалаушылардың бірі Асқар Ақшабаевпен кездесіп, кезінде бес жігіт қосылып ашқан стартаптың бүгінде жетістікке жету құпиясын сұрап-білуге тырыстық. !!! Эпизод соңында байқау бар! Дедлайн - 31 желтоқсан
Эпизодты подкаст платформаларынан бөлек барлық YouTube арнамнан көре аласыздар - https://www.youtube.com/watch?v=Htfw3558K94Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/ 1Fit инстаграмдары - https://www.instagram.com/1fit.qaz/ https://www.instagram.com/1fit.app/ OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Sun, 10 Dec 2023 - 1h 16min - 57 - Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Кім кінәлі?
Бұл эпизодты "гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" халықаралық кампаниясына орай жасағым келіп кетті.
Соңғы жылдары физикалық зорлық-зомбылық туралы көп айтылып, жазылып жүргендіктен біз негізгі акцентті психологиялық және экономикалық зорлық-зомбылыққа қойғымыз келген. Алайда мамандар да, медиадағы материалдар мен жан түршіктірер статистикалар да бізді еріксіз физикалық зорлық-зомбылық тақырыбына алып келе берді. Zertteu Research қорының мәліметіне сәйкес, 2021 жылы мемлекет үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу үшін 4,5 млрд теңге жұмсапты. Мамыр айынан бастап қылмыстық кодексте осы мәселе бойынша өзгеріс енгізілді. Бірақ жағдай неге жақсармай жатыр? Мәселе зорлық-зомбылыққа душар болатын әйелдердің өзінде ме немесе қоғамның немқұрайлы көзқарасында ма, әлде заңның әлсіздігінде ме? Осы тақырыпты тарқату үшін әңгімеге мамандарды тарттық. Шығарылым сарапшылары: 1. Шолпан Әйтенова, Zertteu Research қорының құрылтайшысы 2. Әсел Саду, психолог 3. Дилара Иса, журналист
Эпизодтағы мәлімет менің "Тасадағы әйелдер" жобамнан алынды. Егер YouTube-форматта көргіңіз келсе, онда мына сілтемеге өтіңіздер.Mon, 04 Dec 2023 - 18min - 56 - Тимур Балымбетов зорлық-зомбылық, ер-азаматтар дауысы мен әлеуметтік желідегі хайп туралы
OY-DETOX қонағы - танымал интервьюер Тимур Балымбетов.
Тимур өз шығарылымдарында зорлық-зомбылық тақырыбын жиі көтеретін замандастарымыздың бірі. Осы ретте, біз Тимурмен қазір қоғамда үлкен дискуссия тудырған тақырып - Салтанаттың өлімі, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың өршуі, бұған ер-азаматтардың позициясы мен әлеуметтік желідегі тараптар қақтығысы мен хайп туралы сөйлестік.
Сондай-ақ, Тимур мемлекеттік тапсырыс пен цензура туралы өз ойын ортаға салып, сұхбатқа дайындалу, қонақтарды сүзгіден өткізу, оларды ашудағы әдіс-тәсілдерін ортаға салды.
Эпизодты барлық подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамнан тамашалай аласыздар!
Әйнелдің инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
Тимурдың YouTube арнасы - https://www.youtube.com/@balymbetov
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Wed, 22 Nov 2023 - 1h 14min - 55 - Мариам Найем: Без языка - нас нет
С украинской художницей и культурологиней Мариам Найем я познакомилась в Праге, на конференции Unlock. Прослушав ее презентацию на тему Let's talk about Volya, я сразу же решила с ней записать эпизод своего подкаста. Она меня безумно впечатлила и тронула, а каждое ее слово, сказанное с большой сцены вызывало во мне бурю эмоций.
Мы поговорили о роли родного языка в деколонизации, войне, русском мире и информационном поле, либеральных СМИ и о себе.
Таймкоды:
00:00 - приветствие
01:27 - о презентации Let's talk about Volya
02:47 - когда появилась дилемма на каком языке говорить?
09:38 - что такое деколонизация?
12:25 - есть ли коллективная ответственность?
13:41 - о социальном конструировании реальности и русском империализме
18:47 - методы влияния пропаганды: о сериалах "Папины дочки", "Ранетки" и "Кадеты"
23:05 - как же все таки деколонизироваться?
26:32 - можно ли работать со злостью?
29:52 - нужно ли продолжать говорить, когда тебя не слышат?
37:27 - либеральные медиа, альтернативная информация и суть империализма
Инстаграм Мариам Найем - https://www.instagram.com/mariaaamnaiem/
Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/
Благодарю команду https://www.instagram.com/bashtan_bashta/ за съемку
Thu, 03 Aug 2023 - 45min - 54 - Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда "Алаш тақырыбына арнап елу сериал түсіруді армандаймыз"
Қонақтарым Мұрат Есжан мен Айсәуле Әбілда отбасылық жұп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Абай жолы», «Ахмет. Ұлт ұстазы», «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалдарының бірі режиссері, бірі продюсері. Мұрат пен Айсәулені әңгімеге тартып, тарихи сериалдарды түсіру барысы, ұлт зиялыларының өнегесі, мемлекеттік тапсырыс, ішкі цензура және бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері туралы сөйлестім.
Эпизодты YouTube арнамнан тамашалап, подкаст қосымшаларынан тыңдай аласыздар! Ал, көріп, таңдағаннан гөрі оқығанды қаласаңыз, әңгімеміздің бір парасын Forbes.kz сайтынан таба аласыздар!
Таймкод00:00 - кіріспе
01:04 - эпизод қонақтары режиссері Мұрат Есжан мен продюсер Айсәуле Әбілдамен таныстыру
04:05 - мемлекеттік тапсырыс, «Хабар», Qazaqstan арналарымен жұмыс істеу барысы, ішкі цензура мен ұлттық идеология
09:00 - «Міржақып. Оян, Қазақ» сериалының туу барысы, актриса Зарина Кармен мен аудио-визуал ұрпақ
11:06 - Ғайнижамал образы неге ашылмады?
15:02 - Гүлнар Міржақыпқызы, Ахмет Байтұрсыновтың жары Бәдрисафа апай мен патриархал құндылықтардың сарқыншағы
19:55 - тәуелсіздік үшін күрес, автономия, Алаш зиялылары мен тарихи шындық
29:57 - Алаш зиялыларының ұрпағы болу қандай? Самырат Кәкішев, Айман Байсалова, Гүлнар Міржақыпқызы
35:37 - бүгінде кіммен сұхбаттасып қалған дұрыс деп ойлайсыздар?
39:30 - Бірге жұмыс істеудің артықшылықтары мен кешіліктері, Таңшолпан бағдарламасы, продюсер айлығы
40:30 - отбасылық Dream Project пен болашақ жоспарлары
48:09 - Мұрат пен Айсәуле үйде не үшін ұрысады?
01:08:08 - кино нарығы, комедия түсіру ойлары мен өзіңді-өзің мақтауға қысылу синдромы
"Міржақып. Оян, қазақ" сериалын көру - https://www.youtube.com/watch?v=Itv4FFNKG_c
Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Thu, 22 Jun 2023 - 1h 15min - 53 - Асылтай Тасболат дінтану ғылымы, ислам құқығы мен орамал дауы туралы
OY-DETOX қонағы - дінтанушы Асылтай Тасболат. Біз дінтану ғылымы, ислам құқығы, орамал дауы мен исламдағы әйел орны туралы сөйлестік.
- Дінтанушы деген кім?
- Қазіргі ислам ақыл-ойы дегеніміз не?
- Исламда әйелдің орны қандай?
- Ислам модернизмі дегеніміз не?
- Бүгінгі орамал дауының себебі қандай? Осы және өзге да сұрақтарға жауапты эпизодтан таба аласыздар.
Асылтай Тасболаттың Инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assyltay_tasbolat/
TEDxAstana-дағы сөзі - https://www.youtube.com/watch?v=ZcZ1H4lMofs
Бұл эпизод Америка халқының көмегі арқасында АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржысымен Internews ұйымы іске асыратын "Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы" аясында дайындалды. OY-DETOX командасы ақпараттың мазмұнына тікелей жауапты жəне ақпарат USAID-тың немесе АҚШ үкіметінің, сонымен қатар Internews ұстанымына сай келмеуі мүмкін.
Thu, 25 May 2023 - 59min - 52 - Bonus Episode: Қазақстанда әйелдердің билікке келуі мүмкін бе?
Түрлі салада бой көрсетіп, маңызды қызметке араласып жатқан әйелдерді табуға болады. Десек те, билікте, шешім қабылдау құрылымдарында әйелдердің үлес салмағы аз. Оның себебі не? Саясатта әйелдердің аз болуына біздің менталитет, тәрбие, салт-дәстүрдің әсері бар ма? Әлде тасада қалу әйелдердің өз шешімі ме? Осы туралы "Тасадағы әйелдер" жобасы аясында дайындалған "Әйел және саясат" шығарылымында ой тарқатып, мәселенің мән-жайын түсінуге тырысып көрейік. Тасадағы әйелдер - OY-DETOX арнасында айына бір рет Internews Kazakhstan қорының қолдауымен шығып тұратын арнайы жоба. Жобаға Әйнел Әмірханның бірнеше жыл бұрын оқыған британдық журналист Кэролайн Криадо Перестің «Invisible Women: Exposing Data Bias in a World Designed for Men» ( Көзге көрінбейтін әйелдер. Неге біз еркектерге ғана ыңғайлы әлемде өмір сүреміз) атты гендерлік мәліметтерге негізделген кітабы арқау болды.
Sun, 21 May 2023 - 34min - 51 - Алия Ахметова о бизнесе в декрете и великих женщинах Казахстана
#ӘйнелӘмірхан #OYDETOX #АлияАхметова #женскийбизнес Второй эпизод OY-DETOX на русском языке с Алией Ахметовой, основательницей отечественного бренда Hey, Baby. Мы поговорили - о великих казахстанских женщинах и о том, почему мы так мало о них знаем; - о том, что значит быть мамой сегодня; - о женском и мужском бизнесе; - о важности женской поддержки и о многом другом. Инстаграм Алии - https://www.instagram.com/_aliya_akhmetova/ Инстаграм бренда Hey, Baby - https://www.instagram.com/heybaby.kz/ смотрите эпизод на моем YouTube-канале и слушайте на всех подкаст платформах. Данный эпизод стал возможным благодаря помощи американского народа, оказанной через Агентство США по международному развитию (USAID) и было подготовлено OY-DETOX в рамках Центральноазиатской программы MediaCAMP, реализуемой Internews при финансовой поддержке USAID. Команда OY-DETOX несет ответственность за его содержание, которое не обязательно отражает позицию USAID, или Правительства США, или Internews.
Wed, 05 Apr 2023 - 43min - 50 - Роза Әшірбаева: Инфобизнесменнің бәрі Инфоцыған емес
OY-DETOX қонағы - коуч, инфобизнесвумен Роза Әшірбаева. Біз Розамен инфобизнес, инстаграм этика, инстаграмда ақша табу мүмкіндігі, әйел құқығы, қаржы пирамидасы мен қоғамның негізгі проблемасы туралы сөйлестік.
Әйнел Әмірханның инстаграмы - https://www.instagram.com/ainelkai/
Роза Әшірбаеваның инстаграмы - https://www.instagram.com/rozaashirbayeva/
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. YouTube сілтемесі - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Fri, 10 Mar 2023 - 1h 06min - 49 - Мұғалімдерге арналған тамаша мүмкіндік! Teach For Qazaqstan бастамасы мен екі жылдық бағдарлама туралы
2023 жылдың алғашқы эпизодын өте маңызды тақырыптардың бірі - білім беру саласына арнап отырмыз. Мен Teach For Qazaqstan қорының басшысы Гүлнара Салменмен білімдегі теңсіздік, балалар кедейлігі ұғымы және Teach For All, Teach For Qazaqstan бастамаларының пайдасы туралы сөйлестім.
Сондай-ақ, Гүлнар ұстаздарға, педагогика факультетінің соңғы курс студенттері мен магистрантарына, басқа салада істейтін, бірақ ұстаз болуды армандап жүрген барлық жанға арналған байқау туралы айтып берді.
Егер:
- қазір сіз мұғалім болып жұмыс істеп, бірақ жаңа мүмкіндіктерді қарастырып жүрсеңіз,
- педагогика мамандығы бойынша оқып жүрген 4 курс студенті болсаңыз,
- басқа салада істеп, бірақ осы уақытқа дейін мұғалім болуды армандап жүрген жан болсаңыз,
онда 15 ақпанға дейін жалғасатын байқауға сұранымды толтырып жіберіңіз! Толық ақпаратты эпизодтан және Teach For Qazaqstan парақшасынан таба аласыздар! Ал сұранымды мына жерден жүктей аласыздар.
Teach For Kazakhstan - Teach For All жаһандық қозғалысының бөлігі. Бүгінде жоба 60 елде жұмыс істейді. Teach For Qazaqstan мақсаты - еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларға сапалы білім алуға көмектесу, білімдегі теңсіздікті жою.
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/E4oyWs9My5k
OY-DETOX-ты қолдау:
Patreon арқылы - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!
Tue, 24 Jan 2023 - 57min - 48 - Қалай тиімді саяхаттауға болады? Карима Мәлік 2,5 млн теңге табыс пен арзан саяхат туралы
Карима Мәлік - 20 жасында 35 мемлекетте болып үлгерді. Оның бәрі тиімді жоспаулардың арқасы дейді өзі. Бүгінде өзі меңгерген тиімді саяхаттың қыр-сырымен өзгелермен де бөлісуде. Біз Каримамен қаржылық сауаттылық, арзан саяхат жолдары, алғашқы миллион, қазақ тілі мен ұлттық код туралы сөйлестік.
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта тамашалай аласыздар. Подкастқа сілтеме - https://youtu.be/wGMxI0ca_SI
Кариманың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/toop_tiip/
Wed, 14 Dec 2022 - 54min - 47 - Әйгерім Бегімбет фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы
Әйгерім Бегімбет - санаулы фотожурналист қыздардың бірі. Фотоаппаратын арқалап ауыл-ауылды аралап, еңбек адамының өмірін көрсетуден жалықпайды. Әйгеріммен Түркістан төрінде кездесіп, фотожурналистика, Үркер сыйлығы, ауыл өмірі мен еңбек адамы туралы сөйлестік.
- фотожурналистика дегеніміз не?
- кейіпкерлерді қайдан табуға болады?
- фрилансер-журналистің табысы бар ма?
- Үркер сыйлығы не үшін берілді?
осы және өзге сұрақтар аясында өрбіген әңгімені тыңдаңыздар!
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта көре аласыздар. Сілтеме - https://youtu.be/5yhxnptdwLI
Эпизодты жазуға мүмкіндік берген Түркістан музыкалық драма театрына алғыс білдіреміз.
Wed, 07 Dec 2022 - 45min - 46 - Молдияр Ергебеков журналистік этика, гендерлік теңдік және Дос-Мұқасан фильмі туралы
OY-DETOX қонағы - медиа және кино зерттеуші, журналист Молдияр Ергебековпен журналистік этика, гендерлік теңдік, мемлекеттік тапсырыс пен Дос-Мұқасан фильміндегі олқылық туралы сөйлестік.
- Медиа этика дегеніміз не?
- Мемлекеттік тапсырыстың пайдасы бар ма?
- Қазақ тілі мен қазақ әйелінің тағдыры неге ұқсас?
- OY-DETOX TALQY мен гендерлік теңдіктің байланысы қандай?
- Құрманай Омарова деген кім?
Осы және өзге де сұрақтар аясындағы ой-талқыны тамашалаңыздар!
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан көре аласыздар - https://youtu.be/niG6O195eXo
Эпизодты жазуға мүмкіндік берген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасына алғыс білдіремін https://ayu.edu.kz/about/history
Tue, 29 Nov 2022 - 1h 04min - 45 - Данияр Косназаров про Рамиля Мухоряпова, самоидентификацию, новую этику и мужской суицид
Первый гость выпуска на русском языке - Данияр Косназаров, политолог, социолог, исследователь поколений и поп-культуры. Мы с Данияром поговорили о кейсе Рамиля Мухоряпова, самоидентификации и поисках себя, новой этике и о том, что значит быть мужчиной сегодня.
Данияр в Инстаграмм - https://www.instagram.com/kosnazzar/
Айнель в Инстаграмм - https://www.instagram.com/ainelkai/
Посмотреть выпуск можете по данной ссылке на YouTube https://youtu.be/vD_EW6kqDSc
Wed, 02 Nov 2022 - 59min - 44 - 35-тегі кризис, мамандық таңдау, табысты арттыру жолдары мен Gap Year туралы
Егер қазір
- қандай да бар ізденісте жүрсеңіз,
- мамандығыңыз, қызмет істеп жатқан ортаңыз ұнамаса,
- орта жолда салаңызды ауыстыруға қорқып жатасаңыз,
- мектеп түлегінің ата-анасы,
- не биыл оқуға түсе алмаған оқушы болсаңыз, онда осы эпизодты міндетті түрде қараңыздар.
Осы және өзге де көптеген сұрақтарға профориентолог Санелай Қуанышбекова жауап береді. Біз орта жолда мамандық ауыстыру машақаты, қорқыныш пен жаңа мүмкіндіктер туралы сөйлестік.
Менің арнама жазылып, лүпіл басып, комментарий қалдыруды ұмытпаңыздар. OY-DETOX-ті қолдаушылар қатарына қосылыңыздар - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Санелайдың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/sanel_ay/
Әйнелдің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/?hl=en
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
Wed, 05 Oct 2022 - 57min - 43 - Көзіңе не болған? Бекжан Нурадин алғашқы миллион, интернеттегі хайп, мүгедектік пен мүмкіндіктер туралы
OY-DETOX-тің кезекті қонағы - YouTube және Tik-Tok продюсері Бекжан Нурадин. Бұл эпизодта біз YouTube-та пайда табу жолдары, контент немесе сапа дилеммасы, хайп қуу мен аудиториямен ойнау стратегиясы, мүгедектік пен мүмкіндіктер туралы сөйлесетін боламыз. Егер контент жасап, YouTube немесе Tik-Tok саласын жаңадан меңгеріп жүрген маман болсаңыз, біздің әңгімемізді міндетті түрде тыңдаңыздар!
Менің арнама жазылып, лүпіл басып, комментарий қалдыруды ұмытпаңыздар.
OY-DETOX-ті қолдаушылар қатарына қосылу -https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Бекжанның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/bek10ay/?hl=en
Әйнелдің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/?hl=en
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
Tue, 20 Sep 2022 - 1h 11min - 42 - Аида Өтесін адвокатура, эйджизм, қазақ тілі мен инста юристер туралы
Түрлі ресми мәліметтер бойынша елімізде 4000-ға жуық адвокат бар екен. OY-DETOX қонағы Аида Өтесін еліміздегі ең жас адвокаттардың бірі. Біз Аидамен
Мамандықты таңдау, іздену және қолдау маңыздылығы, Бүгінгі таңда елімізде адвокатураның жағдайы, Адвокаттық лицензия алу талаптары, танымал адвокат Джохар Утебековке жұмысқа тұру мүмкіндіктері, қазақ тіліндегі істер, судьялардың деңгейі мен замандастарымыздың құқықтық сауаттылығы туралы сөйлестік.Аида Өтесіннің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/aida.otessin/?hl=ru
Аида Өтесіннің Фэйсбук парақшасы - https://www.facebook.com/otessinaida
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Wed, 07 Sep 2022 - 1h 01min - 41 - Киноны қалай көру керек? Әсия Бақдәулет киносауат, пропаганда және тарихи шындық туралы
- Кино пропаганда құралы ма?
- сана-сезімді өзгертетін отандық кино бар ма?
- кино көргенде неге назар аудару керек?
- ақпараттық соғыс пен тарихи шындықтың аражігін қалай ажыратамыз?
- ойланатын кино VS попкорн кино
Осы және осы сынды өзге де сұрақтарға жауапты қонағым Әсия Бақдәулетқызымен іздеп көрдім. Әсия - кинотанушы, журналист, бүгінде Куин Мэри университетінің PhD студенті. Біз Әсиямен киносауат, пропаганда, ұлттық код, ақпараттық соғыс, ішкі цензура және тарихи шындық туралы сөйлестік.
Әсия Бақдәулеттің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/assiya_baqdaulet/?hl=ru
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, YouTube парақшадан да көре аласыздар https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына Patreon арқылы қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Wed, 17 Aug 2022 - 1h 00min - 40 - Театр өмір айнасы ма? Фархад Молдағали режиссер еркіндігі, мемлекеттік қызмет пен қаңтар оқиғасы туралы
OY-DETOX қонағы Фархад Молдағали өнер сүйер қауымның аузынан түспейтін режиссерлердің бірі. Жақында театр саласында берілетін Еңлікгүл сыйлығында жылдың үздік режиссері номинациясын жеңіп алды. Бүгінде - Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірімдер театрында көркемдік жетекші қызметін атқарады.
Біз Фархадпен театрдағы еркіндік, мемлекеттік қызмет салмағы мен шығармашылық ізденіс туралы сөйлестік.
Театр - өмір айнасы ма?
Мемлекеттік қызметте жүріп ой мен әрекет тәуелсіздігін сақтауға болады ма?
Қаңтар туралы қойылымды күту қажет пе?
Жауаптар эпизодта.
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Бұл эпизодты видеоформатта да тамашалай аласыздар, сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=kV_K0oK_MQ0&t=1s
Фархадтың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/farhadmoldagali/?hl=ru
Мүсірепов театрының сайтына сілтеме - https://teatr-musrepov.kz/?lang=ru
Wed, 13 Jul 2022 - 52min - 39 - Той жасау керек пе? Динара Әбділда үйлену тойы, салт-дәстүр мен жастар бақыты туралы
OY-DETOX-тің бұл эпизоды той мәселесіне арналады.
- Той жасау керек пе?
- Жаңа дәстүр қалай пайда болады?
- Беташар мен сәлем салудың қажеттілігі қанша?
- Қанша жаста отбасы құрған дұрыс?
- Көну немесе күресу?
Осы сұрақтарға жауапты антрополог, Ph.D кандидат, қазақ тойларын зерттеп жүрген маман Динара Әбділдадан алуға тырыстым. Біз Динарамен үйлену тойы, оны зерттеу маңыздылығы, салт-дәстүр, ата-ана шешімі мен жастар бақыты туралы сөйлестік.
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Бұл эпизодты видеоформатта да тамашалай аласыздар, сілтеме - https://www.youtube.com/watch?v=kV_K0oK_MQ0&t=1s
Динараның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/dinara_abdilda/?hl=ru
Эпизодта аталған видеолар: Cooltobe Podcast #7: Үйлену. Алып қашу арқылы отасу қаншалықты легитимді? - https://www.youtube.com/watch?v=mIDI6...
Қазақтың тойы бренд пе, понт па? Пандемия тойды өзгертті ме? Той индустриясы бар ма? | Бастаңғы - https://www.youtube.com/watch?v=2AMEY...
САНА. Қалыңдық көйлегінің эволюциясы - https://www.youtube.com/watch?v=DRCtg...
Wed, 29 Jun 2022 - 57min - 38 - Еренғайып Қуатайұлы жүгірудің пайдасы, 40 жастағы әуесқой спорт, 25 кг арықтау және Бостон марафоны туралы
OY-DETOX қонағы Еренғайып Қуатайұлы жүгіруге 40 жасында келсе де, айтарлықтай жетістіктерге жетіп, толық марафонды 3 сағатқа толтырмай жүгіретін әуесқой спортшылардың бірі. Ол биыл Бостон марафонына қатысқан 9 қазақстандықтардың қатарында болды.
Эпизодта Еренғайыппен жүгірудің пайдасы, әуесқой спорт шығындары, нәтижеге талпынудың құны, сау эгоизм мен тауқұмарлық туралы сөйлестік.
Эпизод Екатерина Шатнаяның Shatnaya Team жүгіру мектебінің қолдауымен дайындалды. "Мен не үшін жүгіргім келеді" деген тақырып аясында пікір қалдырып, Shatnaya Team жүгіру мектебінде 1 ай тегін (абонемент құны - 25 000 теңге) дайындалу мүмкіндігін ұтып ал. Байқау Алматы қаласының тұрғындарына арналған және шілденің соңына дейін жалғасады.
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
OY-DETOX ұжымы
Автор - Әйнел Әмірхан
Монтаж - Илья Мартынов
SMM - Ақнұр Тоғайбекова
Дизайнер - Дарья Корнеева
Эпизод Podcast studio 47 жазылды
OY-DETOX - ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтауға көмектесетін подкаст. 2019 жылдан бастап шығады.
Wed, 08 Jun 2022 - 56min - 37 - Руслан Меделбек таза спорт, басқалармен салыстыру синдромы және арзан саяхат туралы
OY-DETOX қонағы - @Руслан Меделбек. ЖИҺАНКЕЗ әрі журналист.
Біз Русланмен спорт журналистикасы, олимпиада және допинг дауы, әлеуметтік желідегі жеке бренд, саяхаттың адам өміріндегі маңызы мен арзан саяхаттау жолдары туралы сөйлестік.
Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта да тамашалай аласыздар. Сілтеме - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Руслан Меделбектің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/rus_medelbek/?hl=en
Эпизодта аталған видеоларға сілтемелер:
Пекин олимпиадасы. Мәнерлеп сырғанау (қыздар, еркін бағдарлама) https://www.youtube.com/watch?v=wmYLoi8sD-Y
This and That ютюб бағдарламасы - https://www.youtube.com/watch?v=mub-YXONxyo
Руслан Меделбектің ютюб парақшасы - https://www.youtube.com/channel/UCA-_1KZtZysdXGFRd6IxYUg
Azattyq. Пекин-2022 https://www.azattyq.org/a/31675973.html
OY-DETOX ұжымы
Автор - @Ainel Amirkhan
Монтаж - Илья Мартынов
SMM - Ақнұр Тоғайбекова
Эпизод @Podcast studio 47 жазылды
Wed, 01 Jun 2022 - 56min - 36 - Гүлназ Қорданова Гарвардқа түсу мүмкіндігі, білімдегі теңдік, краудфандинг пен қоғамдық жұмыс туралы
OY-DETOX қонағы - Гүлназ Қорданова, білім саласының маманы, Connect-Ed, Teach for Kazakhstan ұйымдарының басшысы, Гарвард студенті.
Біз Гүлназбен Гарвардқа түсу жолдары, краудфандинг, білім саласындағы теңдік, Connect-Ed ұйымының жұмысы, сонымен қатар, қаңтар оқиғасы, қаржы пирамидасы туралы сөйлестік. Бұл эпизодты видео форматта да таба аласыздар, сілтеме - https://youtu.be/UAWKBXvPoBs
Гулназдың краудфандингіне атсалысу - https://www.gofundme.com/f/gulnaz-goes-to-harvard?utm_campaign=p_cp+share-sheet&utm_medium=copy_link_all&utm_source=customer
OY-DETOX-ты қолдаушылар қатарына қосылу - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Пайдалы сілтемелер:
Гүлназдың инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/gulnaz.kordanova/?hl=ru
Connect-ed - https://www.instagram.com/connected_kz/?hl=ru
Teach For Kazakhstan - https://www.instagram.com/teachforkazakhstan/?hl=ru
Марина Могилко. Как живут наши в Стэнфорде - https://youtu.be/w9_Vm0U8WVs
7010 подкасты - https://www.youtube.com/user/zarinabuenbai
Tue, 17 May 2022 - 54min - 35 - Kaliya қыз тағдыры, зорлық-зомбылық, феминизм, әншілер жауапкершілігі мен Cancel Culture туралы
OY-DETOX қонағы әнші Ақмаржан Көшербаева/Kaliyaөзінің қоғамдық жұмысы, "Қыз тағдыры", "Әйелді аяла" жобалары, еліміздегі әйелдердің орны туралы ойларымен бөлісті. Бұл эпизодты аудио форматпен қатар, видео форматта да тамашалай аласыздар - https://www.youtube.com/channel/UCWjWDOuUiZJpL6k97rQfSlw
OY-DETOX-ты қолдау - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Таймкодтар:
00:00 - Кіріспе
02:55 - Қазақ Ұлттық қыздар университетіндегі жазулар
04:40 - «Әйелді аяла» жобасы, Молдияр Ергебеков, медиадағы әйелдердің бейнесі
06:48 - «Қыз тағдыры» әні мен жобасы, өнердегі кризис пен той бизнес
11:05 - Артишок театры, Ұят, Катя Суворова, «Бесчестье» кітабы мен қоғамдағы зорлық-зомбылық
11:30 - жыныстық сауаттылық, жасөспірімдермен жұмыс туралы
19:15 - әйелдердің белсенділігі, гендерлік теңдік, қыздар күні мен зорлық-зомбылық туралы статистика
22:00 - әншілердің, блогерлердің жауапкершілігі, хейт пен жылтыр өмір
23:59 - Тимур Балымбетов, Еркебұлан Мырзабеков, феминизм мен буллинг
30:30 - Шалқар Нұрсейітов, Ирина Кайратовна, Түркістан қаласы, Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі
41:18 - феминист әйелдердің бейнесі
48:35 - Cancel Culture, Ұят пен қызыл жіп туралы
Wed, 11 May 2022 - 1h 07min - 34 - Раиса Қадыр баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы
OY-DETOX қонағы - Раиса Сайран Қадыр, Steppe & Worldбаспа үйінің басшысы, Хәрри Поттерді қазақша сөйлеткен адам.
Раиса Моңғолияда туып-өсті, әлемнің бірнеше елінде тұрып, 2019 жылы отбасымен атамекен Қазақстанға көшіп келді. Біз Раисамен 23 сәуір - Халықаралық кітап және авторлық құқық күні қарсаңында арнайы жолығып, баспа ісі, аударма, авторлық құқық және тіл мәселесі туралы сөйлестік.
Эпизодтан:
Хәрри Поттерді қазақша аудару себептері мен алғышарттары авторлық құқық дегеніміз не және оны алудың маңызы еліміздегі аударманың жағдайы мен қазақша кітап сапасы Cancel Culture, Жоан Роулиң, Стивен Кинг Қаңтар оқиғасы, Украинадағы жағдай мен болашақ туралы сөйлестік.OY-DETOX-тің осы эпизодын, әдеттегідей, барлық подкаст тыңдауға арналған қосымшалардан және сонымен қатар, ютюбтан да таба аласыздар.
Видео OY-DETOX патрондарының қаржылық қолдауы арқылы мүмкін болды. Қолдаулары үшін Бақытгүл, Индира, Зейнелге алғыс білдіремін. OY-DETOX патрондарының қатарына қосылуға шақырамын, сілтеме - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Мұқаба - Дарья Корнеева
Видео/монтаж - Илья Мартынов
SMM - Ақнұр Тоғайбекова
Wed, 20 Apr 2022 - 47min - 33 - Girls Talks: Cancel Culture, сөз бостандығы, этика, қазақи менталитет пен жұлдыздар туралы
Бақытгүл, Талшын, Бэлла төртеуімізден дәстүрлі Girls Talks. Бұл жолы Бэлланың ұсынысымен Cancel Culture туралы қызу ой-талқы жасадық.
Эпизодта Cancel Culture ұғымның шығу тарихы, қайта жандану себептері, сондай-ақ, жаңа этика, қазақи менталитет, сөз бостандығы, жұлдыздар мен блогерлердің жауапкершілігі сөз болады . Эпизодта қыздар Cancel Culture қатысты көзқарасы мен ұстанымын білдіріп, жеке кейстерімен бөліседі.
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі.
Fri, 08 Apr 2022 - 50min - 32 - 2022. Украинадан хаттар
OY-DETOX-тің бұл эпизоды Украинадағы жағдайға арналады. Еліміздегі Қаңтар трагедиясы, ресми мәлімет бойынша 227 адамның өлімі, түрмедегі азаптаулар, прокуратураларды қаумалаған аналар зары … бұдан артық, бұдан сорақы не болуы мүмкін дегенде Ақпан өз повесткасын алып келді. 24 ақпан таңғы 5-те Украина территориясына Ресей әскері кірді. Ресей Федерациясының өзі оны арнайы операция, ал әлемнің басым бөлігі оны соғыс деп танып отыр
Әлбетте, кәдімгі қақтығыспен қатар, ақпараттық соғыс та жүріп жатыр. Бірақ қазір адамдардың басым бөлігі "әлем адамы" концепциясымен өмір сүретінін ұмытпауымыз керек. Бәріміздің әлемнің түкпір-түкпірінде таныстарымыз, достарымыз, достарымыздың достары бар. Шынайы жағдайды солар арқылы біліп жатамыз.
Бұл эпизодта Украинадағы достарым Дарья, Владимир, Анастасияның хаттары оқылады. Сондай-ақ, құрбым Гүлназ Қорданова өз достарының мысалдарымен бөліседі.
Хаттарды оқуға көмектескен Айжан, Думан, Зейнелге алғыс білдіремін, соңында гитараның әуенімен әрлеген - Дамир.
Эпизодта Анна Франктың "Пана: Хат түріндегі күнделік" кітабы оқылады.
Мұқаба дизайны - Дарья Корнеева
Thu, 10 Mar 2022 - 17min - 31 - Жұлдыз Төлеу қаңтар трагедиясы, жоғалған буын, ұжымдық травма мен бейсана туралы
OY-DETOX-тің биылғы бірнеше эпизоды Қаңтар оқиғасына арналады. Екінші эпизодтың қонағы психоаналитик Жұлдыз Төлеу.
Жұлдыз психоанализге 10 жыл бұрын Жаңаөзен оқиғасынан кейін аяқ басқан журналист. Осы тұрғыдан Қаңтар оқиғасы, ұжымдық травма, жеке және қоғамдық реабилитация туралы Жұлдызбен сөйлесу мен үшін маңызды әрі қызықты болды. Біз Қаңтар трагедиясындағы қоғамдық бейсананың рөлі, қоғамдық жан-жараны жазу жолдары мен шындықтың бағасы туралы сөйлестік.
Таймкодтар:
00:00 - кіріспе, қонақты таныстыру
01:01 - Жұлдыз Төлеудің журналистикадан психоаналитикаға кету себебі, Жаңаөзен оқиғасы, жеке травма туралы
06:02 - Жаңаөзен оқиғасы, Қаңтар трагедиясы, шындықтың бағасы, жан-жара туралы
11:30 - ұлттық жады, қатені мойындау, Германия мысалы мен қоғамдық сана туралы
15:00 - қоғамдық инфантилизм, жоғалған буын мен ұжымдық бейсана туралы
20:18 - қоғамдық терапия, қоғамдық жара, қайғы мен депрессия туралы
24:40 - хаос, азаптау мен жануарлық инстинкт туралы
27:45 - өзіңе психологиялық тұрғыда көмектесудің алғышарттары туралы
30:23 - «Жусан иісі» деректі фильмі, Сирияға кеткен жастар мен дін туралы
33:47 - кәсіби психологты табу маңыздылығы туралы
35:27 - қоғамдық жараны жеңу мүмкіндігі туралы
Эпизодты өздеріңізге ыңғайлы кез келген подкаст тыңдауға арналған платформадан тыңдай аласыздар.
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі.
Thu, 10 Feb 2022 - 38min - 30 - Серік Бейсембаев Қаңтар трагедиясы, Жаңа Қазақстан, саяси жүйе мен азаматтық қоғам туралы
2022 жыл біз ойлағандай басталмады. 2 қаңтарда Жаңаөзен халқы сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына байланысты наразылығын білдіріп, көшеге шықты. Бір күннен кейін Жаңаөзен халқын қолдап, өзге қала тұрғындары да орталық алаңдарына митингке шыға бастады. Арты кей қалаларда ақпараттық блокадаға, жаппай тәртіпсіздікке және қантөгіске алып келді. Бүгінде жауаптан гөрі сұрақ көп. Халық арасында "Қаңтар оқиғасы", "Қаңтар трагедиясы", "Қанды қаңтар" аталып кеткен оқиғаның мән-жайын сәл де болса түсіну үшін алдағы бірнеше эпизодты осы оқиғаға арнаймын.
Алғашқы эпизодтың қонағы - Серік Бейсамбаев, әлеуметтанушы, PaperLabзерттеу орталығының сарапшысы.
Біз Серікпен террорист пен бейбіт шерушілердің аражігін ажырату маңыздылығы, Жаңа Қазақстан концепциясы, кешірім сұрау мен қатені мойындау маңыздылығы, президент жауапкершілігі мен азаматтық қоғамның рөлі туралы сөйлестік.
Таймкодтар:
00:00 - кіріспе және қонақпен таныстыру. Қонақ - Серік Бейсембаев, әлеуметтанушы, PaperLab зерттеу орталығының сарапшысы
01:34 - қаңтар оқиғасына жеке көзқарас пен баға
03:30 - терроризм дегеніміз не?
05:08 - Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ресми ақпараттық толқынның сарыны туралы
07:56 - 20 000 террорист, қателесу мүмкіндігі мен президенттің жауапкершілігі туралы
10:15 - биліктегі адамдардың кешірім сұрау мәдениетінің қалыптаспауының екі себебі
15:27 - митингке шыққан жастардың портреті қандай?
16:50 - мемлекеттің жастар саясаты мен жастарды қолдауға бөлінетін қаражат, саяси институттар туралы
19:00 - PaperLab зерттеу орталығының Қаңтар оқиғасына қатысты зерттеуі туралы
22:47 - Жаңа Қазақстан құру мүмкіндігі, биліктегі жеке тұлғалардың рөлі, қалыптасқан жүйенің инерциясы туралы
27:16 - азаматтық қоғамның ұйымдасуы, жаңа технологиялар мен көшбасшылардың рөлі туралы
32:36 - бейбіт шерулер мен митингтердің болашағы, үрей мен үміт туралы
36:55 - Дарон Аджемоглудың «Узкий коридор» кітабы, қазақстандықтардың 30 жыл тәуелсіздікті қабылдауы, саяси көзқарастардың қалыптасуы мен сыни ойлау машығы туралы
40:19 - қоғамның қоғам болып қалыптасуының алғышарттары
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаңызда бағалап, эпизод туралы пікір қалдырып кетулеріңізді сұраймын. Бұл - менің подкастымның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Қолдауларыңызға рахмет!
Эпизод барысында жұмыс істегендер:
Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан
Мұқаба дизайнері - Дарья Корнеева
Дыбысты өңдеген - Елдар Құдайбергенов
OY-DETOX саммари - Балауса Асқарова
Sat, 29 Jan 2022 - 42min - 29 - Мақпал Жұмабай өнер адамы, шығармашылық ізденіс, тыңдармандары мен отбасының қолдауы туралы
OY-DETOX-та көптен күткен қонақ - Мақпал Жұмабай, ақын, әнші, журналист, медиа әрі өнер менеджері. Біз Мақпалмен оның кезекті жобасы - Jauhar Live жобасының тұсаукесерінен кейін кездесіп, соңғы он жыл таныстығымыз уақытында Мақпалдың жүріп өткен жолын еске түсіріп, бірқатар жырларын еске алдық.
Біз Мақпалдың жобалары (''Мақпал шер", Ozge Epic кеңістігі, Жаңғырық, AYA), бүгінгі таңда өнер адамының ахуалы, аудиториямен қатар өсудің маңыздылығы, шығармашылық ізденіс, күмән мен сенім және отбасының қолдауы туралы сөйлестік.
Эпизодта "Бір анық", "Тасбұлақ", "Ана" жырлары айтылады. Оларды OY-DETOX-тің Телеграм арнасында таба аласыздар.
Тайм-кодтар:
00:00 - эпизодқа кіріспе, танысу, "Бір анық" жыры
03:12 - Мақпал шер, кофеханалардағы камерлық кездесулер, аудиторияның қалыптасуы туралы
08:11 - жаңа форматтар, топтың қалыптасуы, Live-концерттер мен жаңа коллаборациялар туралы
12:04 - адамның қалыптасуында отбасының рөлі, ананың сенімі мен қолдауының маңыздылығы туралы
23:10 - жастарға қолдау көрсету туралы
25:32 "Тасбұлақ" жыры
27:55 - өнердегі және мамандықтағы әмбебаптылық туралы
33:40 - Алматы-Лондон, рухани тоқырау, ізденіс пен жаңа көкжиектерді бағындырудың маңыздылығы туралы
38:18 - әлемдегі Димаш феномені туралы
47:38 - краудфандинг туралы
49:58 - отбасы мен бауырларының қолдауы туралы
58:45 - өнер адамының портреті туралы
1:07 - қорытынды сөз
1:08 - "Ана" жыры
OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаңызда бағалап, эпизод туралы пікір қалдырып кетулеріңізді сұраймын. Бұл - менің подкастымның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Қолдауларыңызға рахмет!
Tue, 28 Dec 2021 - 1h 12min - 28 - Айгерім & Мөлдір адам құқығы, феминизм, зорлық-зомбылық және әйелдер маршы туралы
10 желтоқсан - халықаралық Адам құқығы күні. Осы күнге орай, адам құқығы, феминизм және әйелдер маршы туралы Girls Talk ұйымдастыру көптен жүрген ойым болатын. Сол ойымды жүзеге асыруға Айгерім Құсайынқызы және Мөлдір Утегенова көмектесті. Біз патриархалды қоғам құндылықтары, «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ әндері мен мақал-мәтелдеріндегі гендерлік саясат, зорлық-зомбылық түрлері, әлем ғалымдары консенсусқа келе алмай келе жатқан үш тақырып және өзге де келелі мәселелер туралы сөйлестік. Алтындай уақыттарыңызды бөліп, әдемі әңгімеміздің куәсі болыңыздар. Сондай-ақ осы тақырыптар аясында өз пікірлеріңізбен де бөлісуді ұмытпаңыздар! Эпизод таймкодтары: 00:00 - эпизодқа кіріспе, қонақтарды таныстыру 01:38 - «бір түрлі» қыздар лейблы, қазақ қыздары мен қазақилық, феминизм мен белсенділік трендтері, негативке иммунитет туралы 04:18 - ортаның, отбасының қалыптасуымызға әсері туралы 09:11 - белсенді активизм, Imposter синдромы (синдром самозванца), статус кво, ішкі күмән мен қорқыныш туралы 13:50 - феминизм дегеніміз не? Неге біз феминизмнен қорқамыз? 22:05 - қазақ әндеріндегі гендерлік саясат туралы 23:05 - ұл мен қыздың білім алу деңгейі, білімге қатысты статистика, армия мен көшбасшылық қызметтер туралы 27:52 - экономикалық зорлық-зомбылық, қаржылық тәуелсіздік, төленбейтін еңбек ақы, эмпатия, борыш пен міндет түсінігі туралы 36:29 - Victim Blaming, тұрмыстық зорлық-зомбылық, дағдарыс орталықтары туралы 38:56 - Европадағы зорлық-зомбылыққа қатысты эсперимент 39:47 - ажырсудан қоғамдағы қорқыныш, ұят туралы 44:04 - әлемде ғалымдар арасында консенсусқа келуге қиын үш тақырып туралы 44:56 - 2020 жылғы 8-наурызда өткен әйелдер маршы туралы 55:36 - Айгерім & Мөлдірдің OY-DETOX тыңдармандарына тілектері Эпизод барысында Лейла Махмұдовп, Молдияр Ергебеков, Жамиля Қасымхан, Фариза Оспан, Арина Осиновскаяның аттары аталады. Shyndyq podcastының Айгерим Құсайынқызымен гендер және феминизм туралы эпизоды https://apple.co/3lLsrCp OY-DETOX-тің Молдияр Ергебековпен болған эпизоды https://apple.co/3oywPXl
Wed, 08 Dec 2021 - 59min - 27 - Айбар Олжаев ипотека, мемлекеттік бағдарламалар, қаржылық сауаттылық және несиден шаршау синдромы туралы
OY-DETOX-тің 7-ші эпизоды ипотека тақырыбына арналады. Бұл эпизодта түрлі бағдарлама бойынша әр жылдары ипотека алған Балжан, Бақыт және Асқар өз тәжірибиелерімен бөліседі. Сондай-ақ, "ипотека дегеніміз не?", оны қашан алған дұрыс және алар кезде неге назар аудару керек деген сұрақтарға жауапты табуға сарапшы Айбар Олжаев көмектеседі. Ол "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-ның бас менеджері қызметін атқарады. Эпизодты онлайн түрлі бағдарламаларда жазғандықтан, дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын. OY-DETOX-ті тыңдаған қосымшаларыңызда менің подкастыма жазылып, бағалап кетулеріңізді сұраймын. Бұл оның тыңдармандарының қатарын арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, подкаст патрондарының қатарына қосылып, қолдай аласыздар. Толық ақпарат мына жерде Эпизод таймкодтары: 02:42 - 7/20/25 бағдарламасы бойынша ипотека алған Балжанның тәжірибиесі 06:11 - Отбасы банкінен ипотеканы биыл алған Бақыттың тәжірибиесі 09:02 - мемлекеттік және “Баспана хит” бағдарламалары арқылы ипотека алған Асқардың тәжірибиесі 14:53 шақырылған сарапшы Айбар Олжаев ипотекаға қатысты әуесқой сұрақтарға кәсіби жауап береді. Ипотека аларда неге баса назар аудару керектігі туралы 17:08 - ипотека портфелі мен ипотека алатындардың жалпы портреті туралы 19:31 - баспанаға қатысты әлемдік және жергілікті тенденция туралы 21:22 - базалық ставка, ақшаның құны, инфлянция және несие, ипотека мен депозиттің пайыздық көрсеткіштері туралы 25:25 - пайыздық көрсеткішті қалай есептейміз? 30:47 - қаржылық сауатсыздық, пирамидалар мен фактчекинг туралы 33:40 - “Баспана хит”, “7/20/25 және өзге мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобалар туралы 38:18 - ипотеканы төлей алмайтын жағдайда не істеу керектігі туралы 41:09 - несиеден шаршау синдромы туралы Эпизод қонақтары мен тыңдармандарына шексіз алғысымды білдіремін!
Wed, 03 Nov 2021 - 42min - 26 - Тимур Бектұр мамандық таңдау, Gap Year, digital надандық және ақпараттық қауіпсіздік туралы
OY-DETOX-тің алтыншы эпизодының қонағы IT-маман, IT-ағартушы Тимур Бектұр.
Біз Тимурмен мамандық таңдау, Gap Year артықшылығы, еңбек нарығын саралаумен қатар, digital надандық және ақпараттық қауіпсіздік туралы сөйлестік. Эпизод барысында Тимур болашақ сұранысқа ие болатын мамандықтарды таңдау жолдары мен цифрлық активіңді саралап, қажет өзгерістерді енгізу қадамдарымен бөлісті.
Эпизодта
https://atlas.bts-education.kz/
сайттары аталады.
Wed, 13 Oct 2021 - 38min - 25 - Бақытгүл, Бэлла, Талшын депрессия, психологиялық көмек пен сенім туралы
Араға 8 ай салып, Бақытгүл, Бэлла, Талшын төртеуіміз OY-DETOX-та қайта бас қостық. Бұл жолы әлеуметтік желінің өміріміздегі орны, депрессия мен менталдық денсаулық, психологиялық көмекке жүгінудің қажеттілігі, әлеуметтік желідегі этикет пен буллинг, сенім мен бақыт туралы сөйлестік. Әріптестерімді дауыстарынан танисыздар деген сенімдемін.
Біздің 2020 жылдың инсайттарына арналған эпизодымызды Apple podcasts-та мына сілтеме https://apple.co/2WVg11m, Google Podcasts-та мына https://bit.ly/3ySQaEH сілтеме арқылы тыңдай аласыздар.
Кибербуллингке қатысты кеңестерді uyatemes.kz сайтынан табуға болады, барлық ақпарат мына сілтеме арқылы бар - https://uyatemes.kz/k/kiberbulling
Міндетті түрде әріптестерімнің подкастын тыңдауға кеңес беремін, достар! Оларды келесі сілтемелер арқылы таба аласыздар; Бақытгүл Салықова: «Ата ана сағаты» подкасты - https://apple.co/3hstnby «1001 кітап» подкасты - https://apple.co/3rFZjOj Бэлла Орынбет: Qazaqsha Podcasts - https://apple.co/38LySyg Иістелік - https://apple.co/3ht7OaJ Талшын Тоқыжанова: Тамаша жыл - https://apple.co/2L8YoW8
Кері байланысыңызбен подкастты тыңдаған қосымшаларыңызда бөлісулеріңізді сұраймын.
Tue, 07 Sep 2021 - 38min - 24 - Ерік Ильясов саяхат, ішкі туризм мен мотивация туралы
Жаздың бел ортасында OY-Detox-тің кезекті эпизодын саяхат пен ішкі туризм тақырыптарына арнап отырмын. Бұл тақырыпты кеңінен ашуға маған менің жақсы танысым, әуесқой тенисші, әуесқой саяхатшы, PR маманы Ерік Ильясов көмектеседі. Ерік - әуесқой теннис пен саяхатты сәтті ұштастырып жүрген замандастарымыздың бірі, бүгінде ол әлемнің 42 еліне саяхат жасап үлгерді. Еріктің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/yerikilyassoff/?hl=ru
Біз Ерікпен
спорт пен саяхаттың арақатынасы пандемия кезіндегі саяхат шет тілдерін оқуға деген мотивация ішкі туризмнің қыр-сыры туралы сөйлестік.Жаңа өмір жағдайы баршамызға жаңа талаптар жүктейді. Баршаңызға зор денсаулық тілей отыра, барлық сақтық шараларын сақтана отырып, саяхаттауға шақырамын. Жазды өткізіп алмаңыздар!
Әдеттегідей, алтын уақыттарыңызды бөліп, менің подкастымды тыңдағандарыңызға алғыс білдіремін.
Mon, 19 Jul 2021 - 40min - 23 - Динара Қойшығұлова тіл үйренуде ми мен ортаның әсері туралы
OY-DETOX-тің үшінші эпизоды тіл мәселесіне арналады. Бұл тақырып аясында ой қозғауға маған лингвист, шетелдіктерге қазақ тілін үйретіп жүрген педагог, "Бес минуттық қазақ тілі", "Ал, енді сөйлесейік! Қазақ тілінде күнделікті қолданылатын 130 диалог" оқу құралдарының авторы Динара Қойшығұлова көмектеседі. Біз Динарамен қазақ тілінің таралу қарқыны, тіл үйренудің әдіс-тәсілдері, тілге деген сұраныс пен мотивация қалыптастырудың жолдары туралы сөйлестік.
Динараның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/dinara_meiramqyzy/?hl=ru
Тайм-кодтар:
01:00 - кіріспе, қонақпен және тақырыппен таныстыру
02:15 - "Бес минуттық қазақ тілі" оқу құралы, кітаптағы әдіс-тәсілдерді түрік және ағылшын тілін үйренуде қолдану мүмкіндіктері
04:35 - қазақ тілінің даму әрі таралу қарқыны, Фридрих Эберт қорының 2020 жылғы "Ценности казахстанского общества в социологическом измерении" атты зерттеуі (https://gcedclearinghouse.org/sites/default/files/resources/200125rus.pdf )
08:07 - қазақ тілінің шетелдіктерге үйретудің бүгінгі методологиясы туралы
11:55 - американдықтардың тілді меңгеру тәсілдері
14:58 - Динараның студенті Эмили Джойдың тіл игерудегі жеке мысалы
17:00 - Дидро эффектісі туралы
20:00 - шетелдіктерге қазақ тілін оқыту жолының басталуы, "Лингвистика қазақ тілі" факультеті және тәуекелге барудың артықшылығы туралы
28:15 - қазақ тілін оқып жүрген шетелдіктердің тіл үйрену себептері туралы пікірі
34:43 - қазақ тіліне келгендегі қоғамдағы агрессия
39:33 - кез келген тілді үйреніп/үйренгісі келіп жүргендерге Динараның кеңестері, Татьяна Черниговскаяның видеолары мен әдістері
Sat, 29 May 2021 - 46min - 22 - Гаухар & Раушан шетелдік жігітке тұрмысқа шығу шешімі, менталитет қайшылығы мен жаңа өмір салты туралы
Екінші маусымдағы екінші эпизодты ел арасында үлкен талқы туғызатын тақырыптың бірі - қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығу мәселесіне арнап отырмын. Маған осы тақырып расында да өте қызық, ал қоғам арасында бұл тақырыптың қызу талқылануы, оған деген реакциясы тіпті қызық.
Егер гуглдың іздеу жолағында "өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары" не "аралас неке" деп терсеңіз, жиырма мынан астам жарияланым шығады және оладың басым бөлігі қыздарды жазғыру тілінде жазылған. Бір қызығы интернетте жүрген статистикаға қарайтын болсақ, өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қазақ қыздары мен өзге ұлт өкілдеріне үйленген қазақ жігіттерінің саны пара-пар. Мысалы, 2016 жылы елде 4812 қазақ жігіті басқа этнос өкілдерімен некеге тұрыпты, ал өз кезегінде 4328 қызық қызы өзге ұлт өкілдеріне тұрмысқа шыққан екен. Бірақ жігіттерді жазғырып отырған ешкім жоқ.
Бірден айтып қояйын, бұл эпизодта аталмыш үрдіске еш сараптама жоқ. Тек өзге ұлт жігіттеріне тұрмысқа шыққан Гаухар мен Раушанның әңгімесі бар. Олар өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығу туралы шешімді қалай қабылдады, жаңа елдегі өмірі қалай өрбіп жатыр, менталитет қайшылығы мен өмір салты туралы өз сөздерімен баяндайтын болады.
Гаухардың инстаграм-парақшасы https://www.instagram.com/gauharnuk/?hl=ru
Раушанның инстаграм-парақшасы https://www.instagram.com/raukakao/?hl=ru
Жалпы сіздің бұл тақырыпқа деген көзқарасыңыз қандай? Эпизод ұнады ма? Кері байланыстарыңызды әлеуметтік желіде және сіз тыңдаған қосымшада күтемін!
Эпизодтағы кей дыбыс ақаулары үшін алдына ала кешірім сұраймын.
Sat, 17 Apr 2021 - 45min - 21 - Шалқар Нұрсейітов саясаттану ғылымы, саяси режим және саясатқа әсер ету жолдары туралы
OY-DETOX-тің екінші маусымының алғашқы эпизоды саясат мәселесіне арналады. Осы тақырыптың қыр-сырын зерделеуге маған саясаттанушы Шалқар Нұрсейітов көмектеседі. Біз Шалқар екеуіміз еліміздегі саясаттану ғылымының бүгінгі күндегі ахуалы, саяси режим, азаматтық қоғам мен саясатқа әсер ету жолдары туралы әңгімелестік.
Бұл саясатқа мүлде қызықпайтын адамдар үшін де пайдалы әңгіме болды деп сенемін, сондықтан міндетті түрде бізді тыңдаңыздар! Естеріңізде болсын, "сіз саясатпен айналыспасаңыз да, саясат сізбен айналысуы мүмкін" ;)
Шалқар Нұрсейітовтың Фэйсбуктағы парақшасы - https://www.facebook.com/shalkar.nurseitov
OY-DETOX-тің телеграмдағы парақшасы - https://t.me/oydetox
Тайм-кодтар:
00:00 - кіріспе, қонақты әрі тақырыпты таныстыру
01:40 - саясаттанушы деген кім және ол қандай мәселелермен айналысады
03:37 - саясаттану vs саясаткер, саясаттану ғылымының еліміздегі бүгінгі жағдайы туралы
06:43 - мамандыққа сұраныс деңгейі, саяси режимнің мамандықтың дамуына әсері туралы
11:15 - Қазақстанда саясаттану ғылымының бастау алу жылдары
12:05 - АҚШ-тағы магистратура, жаңа ұстаным мен көзқарас, мамандыққа адалдық, АҚШ-тағы 2016 ж сайлау туралы
18:57 - саясатқа әсер ету жолдары, сайлау, авторитарлық режим, әлеуметтік желілер, тәуелсіз журналистика мен ҮЕҰ туралы
25:08 - азаматтық қоғам мен оның негізгі қызметі туралы
30:42 - саяси белсенділіктің, митинг пен протест санының артуы (нақты статистика), әлеуметтік жағдай, адам құқықтары, жер дауы мен көпбалалы аналардың белсенділігі туралы
35:21 - адам құқықтары мен әлеуметтік себептерге байланысты протестер, саяси талаптар мен биліктің жауабы туралы
38:27 - көрші елдердегі жағдай, елдегі саяси мәселелерге басым халықтың реакциясы, қорқыныш, қауіпсіздік және жауапкершілік туралы
41:28 - әйелдердің саясаттағы рөлі, феминистік бастамалар, көпбалалы аналар активизмі және жаңа трендтер туралы
46:45 - кетлинг, ҮЕҰ-ға қысым, имидж, президенттің "Еститін мемлекет" концепциясы туралы
48:50 - саясаттанушыдан саясаткерге дейінгі жол, этика, пандиттер, жаңа буын саясаттанушылар туралы
Подкаст барысында Бэлла Орынбеттің Qazaqsha Podcast подкастының Шалқармен болған эпизоды, Досым Сатпаев пен Данияр Қосназаровтың есімдері аталады.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Wed, 24 Mar 2021 - 55min - 20 - Oy-Detox #2 маусым. Аңдатпа
Шағын үзілістен кейін OY-DETOX оралды! Баршаңызбен #2 маусымда аман-есен қауышып отырғаныма қуаныштымын.
Үш айға жуық демалыста болыппын, бір жағынан демалдым, екінші жағынан подкастың болашағы жайлы ойландым. Сіздерді қайдам, бірақ өз басым сіздерді, түрлі жылы лебіздеріңізді, әлеуметтік желілердегі пікірлеріңізді қатты сағындым.
Подкасттың форматын өзгертемін деп біраз бас қатырғаным рас, бірақ жаңа идея ойыма келдмеді, сондықтан формат өзгермейді. Бұл маусымда да мені толғандыратын көптеген тақырыптар аясында әртүрлі замандастарыммен сөйлесетін боламын, бәлкім осы уақытқа дейін сіз көңіл бөлмеген, не ойланып көрмеген тақырыптар болуы мүмкін.
Айтпақшы, бір өзгеріс бар. Осы маусымда басқа дизайнермен жұмыс істеймін. Негізгі стилистиканы сақтай отырып, шағын өзгерістер енгіздік. Оны эпизод мұқабаларынан байқайтын боларсыздар.
Сондай-ақ, менің телеграмм-арнама жазылуды ұмытпаңыздар, күтемін! Сілтеме осы https://t.me/oydetox
Ал, бастадық! Алақай! Жаңа маусым басталды!
Thu, 18 Mar 2021 - 01min - 19 - Бақытгүл Салықова, Бэлла Орынбет, Талшын Тоқыжанова жыл инсайттары туралы
OY-DETOX-тің №18 арнайы эпизодының қонақтары, менің подкастинг саласындағы әріптестерім Бақытгүл Салықова, Бэлла Орынбет, Талшын Тоқыжановамен 2020 жылдың инсайттарын талқыладық. Биыл оңай жыл болмады, сондықтан болар бұл жылдың инсайттары бұрынғыдан өзгерек болса керек. Бірақ эпизод қалжыңға да, күлкіге де толы. Жаңа жылдық дастарханды дайындау барысында тыңдасаңыздар әбден болады.
Міндетті түрде әріптестерімнің подкастын тыңдауға кеңес беремін, достар! Оларды келесі сілтемелер арқылы таба аласыздар; Бақытгүл Салықова: «Ата ана сағаты» подкасты - https://apple.co/3hstnby «1001 кітап» подкасты - https://apple.co/3rFZjOj Бэлла Орынбет: Qazaqsha Podcasts - https://apple.co/38LySyg Иістелік - https://apple.co/3ht7OaJ Талшын Тоқыжанова: Тамаша жыл - https://apple.co/2L8YoW8
Ақпарат ағынында ой сана тазалығын сақтауға көмектесетін OY-DETOX подкастының алғашқы сезоны осымен тәмамдалды. Бір сезонда барлығы он сегіз эпизод болды. Осы уақыт аралығында менімен болған, менің эпизодтарымды тыңдаған, қандай да бір қолдау білдірген, кері байланыстарын ерінбей жолдап жатқан барша тыңдармандарға, подкастыма келген қонақтарыма алғыс білдіремін. Келе жатқан жаңа жыл әр шаңыраққа бақ пен береке алып келсін. Деніміз сау болсын. Жаңа жылда жаңа сезонда кездескенше, достар!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Tue, 29 Dec 2020 - 51min - 18 - Күнекей Нұрлан инстаграм, қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік жастықшасы туралы
OY-DETOX-тің №17эпизодының қонағы Күнекей Нұрланмен биыл ерекше өзекті болған тақырып - ақша туралы сөйлестік. Дәлірек айтқанда, қаржылық сауаттылық, қауіпсіздік жастықшасы, ақша жинау мәдениеті мен қосымша табыс көздерін талқыладық. Өте пайдалы эпизодтардың бірі болды. Сондай-ақ, осы тақырып аясында психолог Гүлжан Амангелдинованың пікірін де білуге болады.
Күнекей - қаржы саласында 12 жыл өтілі бар маман, бүгінде қаржылық сауаттылық тақырыбы аясында кеңестер мен инстаграмда вебинарлар өткізеді. Осы уақытқа дейін вебинарларына мыңға жуық адам қатысып үлгерді.
Күнекей Нұрланның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/kunekei_nurlan/
Тайм-кодтар:
00:00 - сәлемдесу, тақырып пен қонақты таныстыру
02:41- инстаграмның хоббиден қосымша қаражат табу көзіне айналу барысы туралы
07:06 - орыс блогері Александра Митрошинаның Инсталогиясы, миллиондары мен ақылы вебинарлары туралы
08:44 - инстаграм оқырмандарын қызықтыру және оны дамыту жолдары туралы
09:34 - қаржылық сауаттылық дегеніміз не?
11:21 - несие алу экономикалық тұрғыдан қаншалықты тиімді?
12:40 - қаржылық сауаттылығыңызды анықтауға көмектесетін бес сұрақ
15:40 - қаржылық сауаттылық мәселесіне әлеуметтік жағдайдың деңгейі әсер ету-етпеуі туралы
19:28 - қор жинау дағдысы, оның түрлері, сенімділік деңгейі мен дағдарыс туралы
25:10 - осы мәселеге қатысты психолог Гүлжан Амангелдинованың пікірі
27:13 - қор жинаудың артықшылығы, өзіңізді, актив пен пассивтерді бағалау, есептеу, талдау жолдары
34:23 - отбасылық бюджетті қалай жүргізуге болатындығы туралы
37:47 - менің подкастымды монетизациялау жолдары туралы қонағым Күнекей Нұрланның және психолог Гүлжан Амангелдинованың кеңестері
Подкастқа қолдауды Patreon арқылы білдіре аласыз, бұл менің подкастымды дамытуға, эпизодтарының сапасын арттыруға көмектеседі. Қандай да ұсыныстарыңызды, эпизод туралы піңіріңізді akainazar1@gmail.com поштасына не менің инстаграм парақшама жазып жібере аласыздар.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Wed, 02 Dec 2020 - 45min - 17 - OY-DETOX-тің туған күндік арнайы эпизоды
12 қараша - менің авторлық подкастым OY-DETOX-тің туған күні!
Бүгінгі туған күндік эпизодта мен кей подкаст қонақтарының сұрақтарына жауап беремін. Не керек, OY-DETOX қонақтарының кебін киіп, олар интервьер, ал мен интервью беруші болдым да қалдым. Подкаст туралы бірәз әңгіме айтылды, тыңдап көріңіздер!
1 жыл бойы мені тыңдап, лүпілдеріңізбен, жылы сөздеріңізбен, кері байланыстарыңызбен бөлісіп келе жатқандарыңызға рақмет! Осы қарқындарыңыздан айнымаңыздар :) Қолдауды сезіну қашан да маңызды! Мен де өздеріңіздей кең болуға тырысып бағудамын!
Ал OY-DETOX-ті құттықтағыңыз келсе, өзіңізге ұнаған кез келген эпизодпен стористе бөліссеңіздер болады. Әрі менің шығармашылығымды кез келген сомада Patreon арқылы қолдай аласыздар. Барлық ақпарат мына жерде https://www.patreon.com/oydetoxbyainel
Ал, OY-DETOX-тің туған күні құтты болсын, достар! Ура!Wed, 11 Nov 2020 - 20min - 16 - Камила Тұяқбаева жыныстық сауаттылық, ұят пен қоғамдық қысым туралы
OY-DETOX-тің кезекті саны жасөспірімдер мен жастардың жыныстық сауаттылығы мәселесіне арналады. Менің қонағым - осы салада үлкен тәжірибиесі бар білікті маман, Y-PEER жастар еріктілер желісінің репродуктивті және сексуалды денсаулық сұрақтары бойынша халықаралық тренері, "Ұят емес" жобасының тренері Камила Тұяқбаева.
Камила екеуіміз жыныстық сауаттылық, ұят, зорлық-зомбылық тақырыптары аясында ашық әңгіме құрдық, құлақ асыңыздар. Камиладан пайдалы кеңестер де бар.
Эпизодтан:
Жыныстық сауаттылық дегеніміз не? Жыныстық сауаттылық туралы білімді енгізу артықшылықтары Ұят, үнсіздік, зорлық-зомбылық, бедеулік пен жасанды түсік Осы салада ақпарат алу көздері Көмек пен кеңеске зәру жастар мен жасөспірімдердің хабарласуына болатын байланыс құралдары туралы білесіздер.Сондай-ақ, осы тақырып аясында әлеуметтанушы Серік Бейсембаев пен журналист Жұлдыз Әбділданың пікірімен таныса аласыздар.
Әңгімеміз барысында apke, suragym bar және aga,suragym barжобалары аталады.
Тайм-кодтар:
00:14 - подкастымның патреоны және алғашқы патрондарым туралы ақпарат
00:38 - Камила Тұяқбаеваны таныстыру
01:10 - 2019 жылғы TED x Semey, тастанды балалар, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі риторика, қыздар мен ұлдардың жауапкершілігі туралы
04:40 - ұл балалардың тәрбиесі, патриархат, дәстүр мен қазақи менталитет, ұят туралы
06:36 - жыныстық сауаттылық тақырыбында сөйлесу мәдениетін қалыптастыру, бұл мәселеде ата-аналар мен ғаламтордың рөлі, зорлық-зомбылықтың қалыпты болу себептері мен ұят пен үнсіздіктің салдары туралы
11:00 - бедеуліктің себептері, қолдан түсік жасау, жас аналардың денсаулығы мен жас отбасылардағы атмосфера туралы
12:42 - жыныстық сауаттылық туралы пәннің мектептерге енгізудің артықшылықтары, осы пән енгізілген өзге елдермен жағдайды салыстыру
15:42 - зорлық-зомбылық, әйел адамға көрсетілетін қоғамдық қысым мен қоғамдық түсінік туралы
19:10 - жыныстық сауаттылық дегеніміз не?
21:50 - жыныстық сауаттылық туралы білімді енгізуге не кедергі деген тақырып аясындағы әлеуметтанушы Серік Бейсембаевтің пікірі. Ол "Ұят емес" жобасының авторы Қарлығаш Қабатованың «Қазақстанға қандай жыныстық сауат ашу жүйесі қажет?» атты зерттеуіне негізделе отырып, негізгі үш қортындысымен бөліседі.
28:42 - Жасөспірімдерге арналған басылымдардың журналисті Жұлдыз Әбділданың осы тақырып аясындағы пікірі
31:03 - жыныстық сауаттылық аясындағы ақпаратты қайдан алуға болатындығы туралы
33:50 - Камила қызметін бастаған 2007 жылдан бергі елімізде жыныстық сауаттылық туралы ақпаратты тарату деңгейінің өзгеруі
37:30 - Жас балалармен жыныстық сауаттылық туралы қалай сөйлесуге болады? Камиладан бес кеңес.
41:46 - егер қандай да бір кеңес не ақпарат керек болса, осы жерді міндетті түрде тыңдаңыз
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Wed, 14 Oct 2020 - 45min - 15 - Balmuzdaq Plus: "қара бөлме" теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы
OY-DETOX-тың кезекті эпизодының қонағы жастарға арналған Balmuzdaq + жобасының авторлары, журналистика факультетінің студенттері Заңғар Омар, Алина Жартиева және Сұңғат Анапия. Мен алдыңғы эпизодтарымды зерделей келе подкастыма жастардың дауысын қосайын, олардың қазіргі таңдағы мүдде-мақсаттарымен танысайын және олардың ойларымен өзгелермен де бөлісіп көрейін деп шештім. Бір сағат уақыт ішінде біз қазақ тілінің бүгінгі жағдайы, қоғамдағы стереотиптер, ұрпақтар сабақтастығы аясында бірқатар ой қозғадық.
Тайм-кодтар:
00:20 - Менің подкастерлік өмірімдегі жаңалықтар
01:20 - Алақай! OY-DETOX-тің PATREON-ы дүниеге келді. Қандай да бір сомамен қолдау көрсетем деушілерге мархаббат!
02:28 - OY-DETOX деген не? Негізгі концепциясы туралы шағын ақпарат
04:38 - Balmuzdaq Plus жобасының авторлары Алина, Сұңғат және Заңғармен танысу
05:52 - Balmuzdaq Plus жобасының пайда болу тарихы мен неліктен оның дәл осылай аталатындығын талқылау
08:05 - Алина, Сұңғат және Заңғардың бұл жобада бастары қалай тоғысты
11:20 - Қоғам мен жастар арасында тіл мәселесіне қатысты стереотиптер
18:15 - "Қара бөлме" теориясы, мәдени барьерлер мен стереотиптер туралы
23:26 - Balmuzdaq Plus қандай ақпарат таратады, қандай тақырыптарға басымдық береді?
25:35 - Қазіргі жастар қандай ақпаратқа зәру және оларға жол табу тетіктері туралы
36:22 - ата-аналар мен балалар, ұрпақтар сабақтастығы туралы
44:30 - жастардың құндылықтары, жеңіл ақша, саясат пен pop-медиа
46:55 - Алина, Сұңғат және Заңғар қандай ақпаратқа зәру?
50:30 - "Қастандық" теориясы, сторителлинг және документалистік журналистика туралы
55:25 - Алина, Сұңғат және Заңғар үшін OY-DETOX не?
56:12 - Жаттану (Alienation) және редукционизм теориясы туралы
Қосымша ақпарат:
Balmuzdaq Plus - жастардың стереотиптерімен бөлісетін медиа. Оның ютюб парақшасы - https://www.youtube.com/channel/UCDkKBVOjs5oN-yqEEoy7Iwg
Эпизодта "Уральская неделя" басылысының аты аталады - https://www.uralskweek.kz/
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Tue, 22 Sep 2020 - 1h 01min - 14 - "Біз өзіміз туралы интернет көбірек білетін қоғамда өмір сүреміз"
Осы жылдың қаңтар айында Асхат Еркімбай екеуіміз "Неделька" кафесінде таңғы кофемізді ішіп алып, алаңсыз осы жылға әрқайсысымыз өз алдымызға қойған мақсаттарымызбен бөліскен болатынбыз. Сосын асықпай OY-Detox-тің кезекті эпизодын жаздық. Сонда Асхат ойда-жоқта байқау жариялап, байқау жеңімпазымен менің подкастымның эпизодының бірінде кездесеміз деп келістік. Сосын пандемия, төтенше жағдай және карантин басталды. Өмір өзгерді. Араға жеті ай салып, OY-Detox-та байқау жеңімпазы Азат Ысқақпен онлайн танысып, интернет, цифрлы қауіпсіздік және ақпараттық сауаттылық туралы сөйлестік.
Сонымен, Азат Ысқақ кім, немен айналысады және менің подкастымды қайда, қалай тындайтындығын білу үшін осы эпизодты тыңдаңыздар. Ал эпизод соңында тағы бір бастаманың басын көтерді. Онсыз Асхат Асхат болсын ба?!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Fri, 14 Aug 2020 - 41min - 13 - Зауреш Батталова: Бүгінде оппозиция жаман сөзге айналып барады
OY-DETOX-тің 12-ші эпизодының қонағы - еліміздің саяси аренасында өзіндік орны бар тұлға, экс-сенатор, бүгінгі таңда белсенді құқық қорғаушы, Қазақстанда парламеншілдікті дамыту қорының директоры Батталова Зауреш Қабылбековна. Біз 12 тамызда елімізде өтетін Сенат сайлауы қарсаңында Зәуреш Қабылбековнамен оның бастауыш мектебінің мұғалімінен Сенат депутаты, одан қалса оппозицияның белді мүшесіне дейінгі қызмет жолын еске түсіріп,
✅ мәслихат және сенат депутаттарының қызметтеріндегі айырмашылық;
✅ кез келген қоғамдық мәселеге деген депутаттар үнсіздігінің себебі;
✅ "Оян Қазақстан", "Республика" сынды қозғалыстардың бүгінгі таңдағы әлеуеті мен қоғам өміріндегі рөлі;
✅ Саяси партиялар туралы жаңа заңдағы өзгерістер;
✅ бүгінгі таңдағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі туралы талқыладық.
Сондай-ақ, эпизодымызға қонақ ретінде тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын Sailau -2020 жобасының белсенді мүшесі Дастан Аққожа келіп, кез келген сайлаудағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі, жалпы жоба туралы ақпаратпен бөлісті.
Тайм-кодтар:
00.00 - кіріспе, қонақпен таныстыру
00.48 - Зауреш Қабылбековна Батталованың саясатқа келу жолы
03:40 - Мәслихат депутаттарының атқаратын қызметі туралы және ол қызметке қанша ақы төленеді
05:10 - Сенат депутаты атану үшін не істеу керек?
05:38 - Ғалымжан Жақиянов туралы
09:45 - Мәжіліс депутаты мен Сенат депутатының айырмашылығы қандай? Олардың атқаратын қызметтері туралы
13:45 - Сенат депутаттары кімнің алдында есеп беретіндігі туралы
16:29 - 1999 жылы өткен Мәжіліс депутаттарының сайлауына түскен партиялар арасындағы бәсекелестік туралы
17:15 - Қазақстан Демократиялық таңдауы (2005) партиясының құрылуы және "Асар" партиясы туралы
17:54 - Зауреш Батталованың оппозицияға келу тарихы туралы
19:00 - Қазақстан Демократиялық таңдауы партиясының қуғынға ұшырауы
20:17 - Вадим Борейконың "Котелок" кітабында сипатталған жағдай туралы
22:05 - ОСДП партиясының құрылуы және оған мүшелік туралы
23:55 - партия халықтың сеніміне ие болуы үшін не істеуі керек? Біз қандай партияларға зәруміз?
27:27 - "Оян Қазақстан", "Республика" қозғалыстарының бүгінгі таңдағы маңыздылығы, атқарып жатқан жұмыстары туралы
28:42- Саяси партиялар туралы жаңа заң туралы
31:11 - Жабық тізіммен өтетін сайлаулар неге тиімсіз?
34:56 - Димаш Құдайберген, Қайрат Нұртас сынды өнер иелерінің сайлау тізімінде болу себептері туралы
35:46 - сенат депутаттарын көпшіліктің танымау себептері
38:00 - сайлаулардағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі
38:28 - Эпизодтың қонағы Дастан Аққожаның тәуелсіз бақылаушыларды дайындайтын Sailau -2020 жобасы және кез келген сайлаудағы тәуелсіз бақылаушылардың рөлі туралы пікірі мен ақпараты
44:48 - Зауреш Қабылбековнаның ой-детоксы
47:44 - Елімізде өзгерістің болу-болмауы туралы ой-толғау
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Sat, 11 Jul 2020 - 49min - 12 - Марат Мамай: Коронавирус жұқтырған адамдардың қатары күннен күнге арта түседі
Бүгін медицина қызметкерлерінің күнімен тұспа тұс келген Oy-detox-тің 11-эпизоды коронавирус тақырыбына арналады. Түсінемін, бұл тақырыптан басым бөлігіміз шаршап та үлгердік, әрі арамызда оған мүлде сенбейтін адамдар да бар. Не керек, осы коронавирус тақырыбына қатысты мені және менің айналамдағы адамдарды мазалайтын сұрақтарға жауапты өзім тауып көруге тырыстым және олардың бәрін менің қонағым, медицина саласының сарапшысы Марат Мамайға қойдым.
Біз Маратпен:
✅ Коронавирустың бар жоғын
✅ Медицина қызметкерлерінің бүгінгі жағдайын
✅ Мемлекеттің осы күрестегі рөлі мен халық сенімсіздігінің алғышарттарын
✅ Симптомды және симптомсыз деп бөлінудің себептерін
✅ ауырған жағдайға не істеу керектігін талқыладық.
Тайм-кодтар:
00:01 – кіріспе, қонақ Марат Мамаймен таныстыру
01:20 – коронавирустың бар-жоғын талқылау, демоскоп бюросы халықтың осы вирусқа деген көзқарасын анықтау үшін өткізген сауалнамасының нәтижесі туралы
02:15 – халық пен билік арасындағы сенімділіктің деңгейі туралы
02:55 – елімізде төтенше жағдай кезіндегі шектеу шараларының өткізілу деңгейі туралы
06:23 – денсаулық сақтау саласы мен медицина қызметкерлерінің бүгінгі ахуалы
07:51 - карантин кезінде медицина қызметкерлеріне көрсетілетін көмектің мөлшері туралы
09:33 – жалпы вирустың табиғаты туралы
13:15 - коронавирустың симптомды және симптомсыз белгілері туралы
17:47 – қандай жағдайда дәрігерге хабарласу керек
20:05 – медицина қызметкерлерін жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету жобасы туралы
25:25 – ауруханалардың вирусқа шалдыққан адамдардың легін қабылдауға дайындығы қандай?
30:48 – вирусқа сенбейтін адамдармен күресу жолдары туралы
33:33 – тыңдармандарға тілек
34:50 – Мараттың ой-детоксы
Коронавирус туралы шынайы ақпаратты қайдан алуға болады: Coronavirus2020.kz - https://t.me/coronavirus2020_kz
Бірге тексерейік - https://t.me/birgeteksereik
Информационная поддержка врачей - https://t.me/medsupportkz
Рационально о коронавирусе - https://t.me/coronavirus_facts
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Sat, 20 Jun 2020 - 39min - 11 - Анна Құдиярова: Қазір қоғамда депрессия өршіп бара жатыр.
OY-DETOX-тің оныншы эпизодының қонағы - танымал психолог, психоаналитик, психоанализ институтының директоры Анна Құдиярова. Әлі есімде, Анна ханымды ең алғаш осыдан 18 жылдай бұрын танымал болған "Ақжүніс" бағдарламасында көрген болатынмын. Ол кезде мектеп оқушысымын. Шашы қысқа, сары түске боялған, түр әлпеті де, сөйлеген сөзі де ерекше, тың болып көрінген Анна ханымды осы бағдарламадан іздеп көретінім есімде. Кейіннен жұмыс бабымен Анна Құдияровамен танысып, біраз жобаларды атқардық. Сондықтан болар, қазіргідей эмоционалдық тұрғыда оңай емес уақытта кіммен сөйлесемін деп ойлағанда, таңдауым бірден психология мен психоанализ саласында жұмыс тәжірибесі зор Анна ханымға түсті. Біз:
психология мен психоанализдің ерекшелігі; психологқа жүгінудің алғышарттары; жақыныңа көмектесу және оны психологқа баруға итермелеудің қажеттілігі; өз писхологыңды табу жолдары туралы сөйлесіп, инстаграмдағы достарымнан келіп түскен бірқатар сұрақтарға жауап бердік.Біздің әңгімемізді тыңдап, кері байланыстарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар! Бұл мен үшін өте маңызды!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Mon, 08 Jun 2020 - 48min - 10 - Ернар Қуанышев: Ағылшын тіліне әлемнің есігін ашатын тіл ретінде қарауға шақырамын
OY-Detox-тің кезекті қонағы - Ернар Қуанышев, "Болашақ" бағдарламасының түлегі, PR маманы, ағылшын тілін үйрену, шетелдік университеттерде оқу артықшылықтары туралы жазып жүрген блогер.
Ернар екеуіміз "Болашақ" бағдарламасы, шетелде оқу артықшылықтары, ағылшын тілін оқу жолдары, жеке мотивация мен Ернардың блогы туралы сөйлестік. Егер көңіл күйлеріңіз түсіп, қандай да бір мотивация қажет етіп жүрсеңіздер, онда біздің әңгімемізді міндетті түрде тыңдаңыздар! Ернар керемет мотиватор!
Әңгімемізде айтылатын есімдер;
блогерлер - Өркен Кенжебек, Динара Болат, Шыңғыс Мұқан, Қуаныш Шонбай
Дмитрий Петров Полиглот. Ағылшын тілі сабақтары
Sir Ken Robinson: Do schools kill creativity?
Angela Lee Duckworth: Grit: the power of passion and perseverance
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Tue, 05 May 2020 - 39min - 9 - Әуесқой спорттың біздің өміріміздегі рөлі қандай?
Менің подкастымның осы эпизоды жылдың басында жоспарланған болатын. Ол кезде әлемде тәж тажалы салтанат құрып, мемлекет деңгейінде де, жеке деңгейде де қаншама жоспарлар бұзылады деп кім ойлаған? Коронавирус пандемиясы мен еліміздегі төтенше жағдайға байланысты осы демалыста болуы тиіс Алматы марафон болмайды. Десек те бұл әуесқой спорттың біздің өміріміздегі рөлі туралы сөйлесуге еш кедергі емес.
Осыдан төрт жыл бұрын менің өмірімде жүгіру пайда болды. Бұрындары біреу ақша берсе де белсенді спорт түріне жақындамайтын мен бүгінде өзім ақша төлеп, тренермен топта жаттығамын. Бір байқағаным мұндай жағдай менің қатарластарымның басым бөлігінің басында бар. Араларыңызда оқушы кезде дене шынықтырудан босататын анықтама қағазын ̶с̶а̶т̶ы̶п̶ алып, бүгінде бірәәәәзз ақша төлеп жаттығып жүргендеріңіз бар ма?
Жалпы әуесқой спортқа келудің себебі не? Күнделікті жаттығуларға барып, жеке жетістіктерге жетуге не итермелейді? Қандай да бір спорт түрін ересек кезіңде үйренуге болады ма?
Осы және өзге де бірқатар мәселелер аясында ой тербету үшін мен өзім сынды өмірінің бір белесінде жүгіруге не жүзуге келген әуесқой спорттағы әріптестерім Нұрлан Байниязов пен Гүлвира Шардарбекованы шақырдым. Міндетті түрде тыңдаңыздар!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Tue, 14 Apr 2020 - 35min - 8 - Назгүл Қожабек: Біз әлі күнге дейін қазақ тіліндегі ақпаратты қажетсінбей келеміз
OY-DETOX-тың кезекті қонағы - тіл тазалығының сақшысы, кәсіби редактор, күні кеше ғана қазақ тілінде шыққан Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының редакторы Назгүл Қожабек.
Назгүл екеуміз
Хәрри Поттер мен пәлсапа тас кітабының аударылу, жарыққа шығу барысы заманауи әдебиет пен аударманың сапасы қазақ тілінің ахуалы қазақ әдебиетін білемін дейтін адамдардың міндетті түрде оқуы керек жазушылардың тізімі еліміздегі карантиннің салдары туралы сөйлестік.Бір сәтке болса да жағымсыз ойлар мен ақпараттан демалып, біздің әңгімемізге зер салыңыздар.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Mon, 23 Mar 2020 - 56min - 7 - Молдияр Ергебеков: Феминизм батылдықты талап етеді
8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында СДУ профессоры, масс-медиа зерттеушісі, еліміздегі алғаш еркек-феминист Молдияр Ергебековпен әйел құқығы, қазіргі таңдағы әйел жағдайы, қазақ медиасындағы әйел образы және өзге де әйел мәселелері туралы сөйлестік
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Wed, 04 Mar 2020 - 28min - 6 - Асхат Еркімбай: Бүгінде телефон қалай қажет болса, ағылшын тілі де солай қажет
Өздеріңізбен аман-есен 2020 жылы қауышып отырғаныма қуаныштымын. Осы уақытқа дейін менімен бірге болып, подкастымның эпизодтарының бәрін тыңдаңғандарыңызға рахмет. Биыл да бізді тамаша қонақтар, қызықты тақырыптар күтіп отыр. Сондықтан менімен бірге болуды жалғастыра беріңіздер. Ал биылғы подкастымның алғашқы қонағы - Асхат Еркімбай, медиа-эксперт, медиа-тренер. Асхат екеуіміз бүгінгі журналистиканың жағдайы, ағылшын тілінің сізбен біздің өміріміздегі рөлі, ой тазалығын сақтау жолдары туралы сөйлестік. Асхат оның үстіне күтпеген жерден байқау жариялап, жеңімпазды менімен қоса кофеге шақыратын болды. Сондықтан белсенділік танытыңыздар!
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Wed, 22 Jan 2020 - 38min - 5 - Мен үшін тәуелсіздік...
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мен замандастарыммен бірге тәуелсіздік ұғымының бүгінгі таңдағы рөлі туралы ой қозғадым. Бірнеше адамның басын қосқан алғашқы эпизод болды бұл )
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Thu, 12 Dec 2019 - 22min - 4 - Әлішер Рахат: Қазақстанда кітап нарығы дамып келеді
Эфирде OY-Detox подкастының үшінші эпизоды. Бүгін қонақта - жас жазушы, драматург Әлішер Рахат.
Әлішер жақында ғана "Махаббатым constant” романын шығарды. Осы ретте екеуміз заманауи проза туралы ғана емес, заманауи махаббат туралы да сөйлестік. Сондықтан болар, бұл эпизодта менің жарқын күлкім жиі естіледі.
⠀
Әлішермен
заманауи драматургия
заманауи проза
заманауи кітап нарығындағы жазушынының рөлі
заманауи махаббат
заманауи музыка туралы сөйлестік
Подкаст - аудио форматындағы жазба. Оны кез келген уақытта - жол үстінде, автобуста, метрода, жүгіріп бара жатып болсын тыңдай бере аласыздар.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.Thu, 28 Nov 2019 - 32min - 3 - Марфуға Шапиян: Дінге эмоциямен емес, ақылмен келген дұрыс
OY- DETOX подкастының кезекті қонағы - Марфуға Шапиян, блогер, журналист, саяхатшы. Бүгінгі таңда көптеген мотивациялық кітаптардың саммариін жасаушы автор. Екеуімізді осыдан бірнеше жыл бұрын инстаграм әлемі таныстырып, табыстырған болатын. Марфуға жас ана, сондықтан екеуіміз анкор желісі арқылы телефонмен әңгімелестік. Дыбыстағы қандай да бір ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймын.
Марфуғамен
✅ блогерлік ұғымы және инстаграмда табыс табу жолдары
✅ кітап әлемі мен саммари оқырмандары
✅ діндегі әйелдің орны
✅ тайм-менеджмент, мотивация және қоғамдағы маңызды мәселелер туралы сөйлестік.
Подкаст - аудио форматындағы жазба. Оны кез келген уақытта - жол үстінде, автобус пен метрода, жүгіріп бара жатып тыңдай аласыздар.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Wed, 20 Nov 2019 - 42min - 2 - Ербол Азанбек: "Қазақтілді пиаршылар аудармашылардың қызметін атқаруда"
2018 жылы мен Арменияда өткен CampCamp аясындаFind your B подкастының авторы Қайыржан Альбазаровпен танысып, подкаст әлемімен тереңірек танысуға мүмкіндік алдым. Бұл уақытқа дейін мен белсенді подкаст тыңдаушысы болып келдім, өзімнің жеке авторлық подкастымды жасау идеясы да жаныма өзегін жая бастаған. Бірақ сол кездесу мен үшін өте маңызды болды. Қайыржан маған Anchor желісі туралы айтып берді, екеуіміз тест үлгісінде алғашқы әңгімемізді жазып көрдік. 2018 жылғы 12 қарашада жазылған осы әңгімеміз менің подкастымның негізін қалады, сондықтан орысша жазылған эпизодымды мен естелік үшін сақтап қойдым.
2019 жыл. Араға бір жыл салып мен подкаст жасау ойыма қайта ораламын да оны алғашқы эпизодым жарияланған 12 қарашада іске қосуға бел байлаймын. Осылай OY-DETOX дүниеге келеді.
Менің подкастымның алғашқы қонағы ретінде танымал PR маманы, қаржы мәселесіне қатысты бірқатар жобалардың авторы, менің жақсы танысым - Ербол Азанбек.
Біз отандық пиар, тіл және азаматтық позиция туралы сөйлестік.
Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.
Tue, 12 Nov 2019 - 50min - 1 - Мой первый подкаст с Каиржаном Альбазаровым, автором и ведущим подкаста Find your BSun, 11 Nov 2018 - 22min
Podcasts similares a OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС
- Global News Podcast BBC World Service
- El Partidazo de COPE COPE
- Herrera en COPE COPE
- The Dan Bongino Show Cumulus Podcast Network | Dan Bongino
- Es la Mañana de Federico esRadio
- La Noche de Dieter esRadio
- Hondelatte Raconte - Christophe Hondelatte Europe 1
- Affaires sensibles France Inter
- La rosa de los vientos OndaCero
- Más de uno OndaCero
- La Zanzara Radio 24
- Espacio en blanco Radio Nacional
- Les Grosses Têtes RTL
- L'Heure Du Crime RTL
- El Larguero SER Podcast
- Nadie Sabe Nada SER Podcast
- SER Historia SER Podcast
- Todo Concostrina SER Podcast
- 安住紳一郎の日曜天国 TBS RADIO
- TED Talks Daily TED
- The Tucker Carlson Show Tucker Carlson Network
- 辛坊治郎 ズーム そこまで言うか! ニッポン放送
- 飯田浩司のOK! Cozy up! Podcast ニッポン放送
- 武田鉄矢・今朝の三枚おろし 文化放送PodcastQR