Filtrar por gênero

OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

OY-DETOX / ОЙ-ДЕТОКС

Ainel Amirkhan

OY-DETOX - менің авторлық подкастым. Түрлі саладағы маман-замандастарыммен бірге ақпарат ағынында адасып кетпей, ой, сана тазалығын сақтау жолдарын іздейтін боламын. Жоба авторы және жүргізушісі - Әйнел Әмірхан Телеграм - https://t.me/oydetox Инстаграм - @ainelkai Қандай да бір сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз болса, маған akainazar1@gmail.com электрондық поштасына хабарласа аласыздар. Подкастты қолдау https://www.patreon.com/oydetoxbyainel Подкаст барысында қонақтар айтатын ойлар олардың жеке пікірі болып табылады, сәйкесінше менің пікіріммен сәйкес келмеуі мүмкін.

71 - Депутат Жұлдыз Сүлейменова: Әйелдердің саяси белсенділігі ауадай қажет
0:00 / 0:00
1x
  • 71 - Депутат Жұлдыз Сүлейменова: Әйелдердің саяси белсенділігі ауадай қажет

    OY-DETOX қонағы - Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты


    Біз Жұлдыз ханыммен саясаттағы және қоғамдағы әйелдер туралы әңгіме өрбіттік. Сондай-ақ, Жұлдыз Досбергенқызы Ақтөбе облысындағы іссапары мен топан судан кейінгі халықтың жағдайы туралы да айтып берді. 


    Жалпы эпизодта келесі мәселелер сөз болды: 


    депутат әйелдер неге аз? қоғам әкім әйелге дайын ба? харассмент және емеурін таныту (домогательство) дегеніміз не? әйелдердің дауысы VS ерлердің мысы


    осы және өзге де маңызды мәселелер туралы подкаст платформаларынан тыңдап, YouTube арнамыздан көре аласыздар. 


    Таймкод:


    00:00 - кіріспе

    00:22 - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова Алматыға қандай мақсатпен келді?

    02:10 - Топан судан кейін Ақтөбе облысының жағдайы қандай? 

    12:13 - депутат әйелдер неге аз?

    14:58 - қоғам әйелді әкім ретінде сайлауға дайын ба? 

    19:56 - БҰҰ-ның әйелдерге қатысты зерттеуі

    22:05 - “әйел әйел болғаны үшін депутат болуы керек деген ойдан аулақпын”

    23:10 - Гендерлік бюджет ұғымы

    28:25 - саяси додадағы әйелдер мен олардың саяси амбициясы 

    31:55 - ерекше қажеттілігі бар балалар мен оларды бағып отырған әйелдердің жағдайы 

    32:58 - әйелдердің саяси белсенділігін арттыруға арналған “Томирис” бастамасы 

    36:49 - Ер-депутаттардың көп болуы ондағы аз әйел депутаттың мысын баспайды ма? 

    40:42 - Антихарассмент туралы заң

    45:05 - Алимент өндіру бойынша жоспарлар

    49:45 - әйелдерге саясатпен айналысқан қиын ба? 


    Жұлдыз ханымның инстаграмы - https://www.instagram.com/deputat_zhuldyz_suleymenova/

    Әйнелдің инстаграмы - ⁠⁠https://www.instagram.com/ainelkai/⁠⁠ 


    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - ⁠⁠https://www.patreon.com/oydetoxbyainel⁠⁠ 

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!



    Thu, 01 Aug 2024 - 56min
  • 70 - Защитить себя без общественного резонанса почти невозможно

    В гостях у OY-DETOX - Шынар Жанибекова, PR-эксперт и CEO агентства диджитал-коммуникаций Media Marketing


    Мы встретились с Шынар, чтобы обсудить профессиональные вопросы, но разговор получился гораздо более личным и откровенным. Шынар поделилась своей историей о тяжелом бракоразводном процессе, бытовом насилии и тех вызовах, с которыми сталкивается современная женщина, решившаяся на развод.


    В нашем эпизоде мы обсуждаем:


    Как будет работать закон по вопросам обеспечения прав женщин и безопасности детей? Можно ли достигнуть правосудия без общественного резонанса? Нужно ли работать с абьюзерами? Почему женщине важно работать?


    Конечно, мы поговорили и о современном рынке PR и SMM, и чем именно занимается возглавляемое Шынар агентство диджитал-коммуникаций Media Marketing.


    Об этом и многом другом слушайте на всех подкаст-платформах и смотрите нас на YouTube.


    Instagram Әйнел Әмірхан - https://www.instagram.com/ainelkai/

    Instagram Media Marketing - https://www.instagram.com/mediamarketing.kz/


    Таймкод:

    00:00 - знакомство с гостем

    02:10 - абьюз: как это случилось?

    09:15 - несправедливость и отношение полицейских к ситуации

    11:00 - что случилось после заявления?

    13:30 - почему всех удивила эта ситуация?

    14:07 - рассказывала ли она родственникам, друзьям?

    15:06 - “А есть ли у меня план отступления?”

    16:12 - скандал и сломанная нога

    18:38 - пост и скандал во время тренинга

    20:48 - “Он забрал ключи у детей.”

    21:35 - звонок свекрови

    22:20 - как делили имущество?

    25:07 - есть ли у бывшего мужа законодательные запреты?

    27:41 - почему после абьюзивных отношений Шынар осталась справедливой?

    32:03 - была ли поддержка со стороны мужчин?

    33:02 - повлияло ли на Шынар последнее дело Салтанат Нукеновой?

    36:55 - когда появились предпосылки абьюза?

    41:20 - “Он залез во двор… у младшего сына паника…”

    42:15 - ходил ли бывший муж к психологу?

    43:42 - поможет ли работа с абьюзерами?

    48:04 - о маркетинговом агентстве Media Marketing

    51:50 - как найти хорошее маркетинговое агентство?

    55:05 - какой у агентства средний чек?

    56:50 - о новом проекте

    59:53 - офис в мета-вселенной

    01:01:16 - СММ — это картинка?

    Tue, 23 Jul 2024 - 1h 04min
  • 69 - Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика

    OY-DETOX қонағы «Мінбер» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, SDU ассистент-профессоры Есенгүл Кәпқызы. Биыл Есенгүл ханым негізін қалаған «Мінбер» өзінің 15 жылдығын атап жатыр. Осы келелі датаға орай, біз Есенгүл ханыммен кездесіп, отандық журналистика, жуырда қабылданған масс-медиа туралы заң, ақылы посттар, "қанды блогерлер" мен журналистік этика туралы сөйлестік. Әлбетте, Мінбердің қызметіне де тоқталуды ұмытпадық.



    Эпизодты тыңдап қана қоймай, YouTube және Spotify парақшаларынан көре де аласыздар.



    Таймкод: 01:50 - Есенгүл Кәпқызы кім? 06:05 - 1990 жылдар, Моңғолиядағы қазақтар, қандастар мәселесі, көші-қон мен азаматтық алу, елдегі проблемалар 15:15 - Мінбер ұйымы қалай құрылды?, қанша журналист тренинтеріне қатысты және ұйым қандай бастамаларға мұрындық болды? 28:00 - мемлекеттік тапсырыс, донорлық ұйымдар, журналистикадағы білім сапасы мен отандық журналистиканың жағдайы 31:55 - Неге 15 жылда "Мінбер" үлкен ұйымға айналмады? 36:37 - OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 37:58 - Есенгүл ағылшын тілін қалай үйренді? 43:30 - журналистика факультеттерін жабу керек пе? 48:00 - ақылы посттар, cancel culture және журналистік этика 56:30 - Мінбердің алдағы 15 жылға жоспары қандай?

    Есенгүл Кәпқызы мен Қалима Тәжіқұл «Масс-медиа туралы» Заң нормаларын түсіндіретін вебинарға сілтеме https://www.facebook.com/share/p/tCQzHPyReaHsTGKj/?

    Мінбердің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/minber.kz?igsh=bjliNDE5ZGNlc2Vz OY-DETOX-тің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox?igsh=azF0YWU3a3M2MmZy

    OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 1. Патрон арқылы, ол үшін арнайы сайт арқылы тіркеліп, $1-дан $20-ға дейін ай сайын қолдау көрсетіп отыра аласыздар. Толық ақпарат - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 2. "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабын сатып алу арқылы - https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/

    #zanmedia #mediaqoldau

    Thu, 04 Jul 2024 - 1h 03min
  • 68 - Екі дүркін Азия чемпионы Айнұр Майханова: Өмірімді қырық жасымда қайта бастадым

    Айнұр Майханова - гір көтеру бойынша екі дүркін Азия чемпионы. Айнұр 19 жасында тұрмысқа шығып, дене шынықтыру пәні мұғалімі болу туралы бала күнгі арманын араға 21 жыл салып жүзеге асырған адам. Бүгінде Аралдағы Н.К.Крупская атындағы №14 мектеп-лицейінің дене тәрбиесі пәнінен сабақ береді, түрлі  спорт додаларына Арал атынан қатысып, жетістіктерге жетіп жүр. Сондай-ақ Айнұр жеке тігін ательесін дамытып отыр. "Өмірді қырық жасыңда қайта бастауға, расында да, болады екен" дейді кейіпкеріміздің өзі.


    Әйнелдің инстаграмы - ⁠⁠https://www.instagram.com/ainelkai/⁠⁠ 


    OY-DETOX-ты қолдау: Patreon арқылы - ⁠⁠https://www.patreon.com/oydetoxbyainel⁠⁠ 

    Kaspi арқылы - 4400 4301 3065 7460 - OY-DETOX-қа деп жазуды ұмытпаңыздар!

    Mon, 01 Jul 2024 - 36min
  • 67 - Анар Бурашева - Эвересті бағындырған тұңғыш қазақ қызы

    OY-DETOX қонағы - Эверест бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева. Анар - әлем бойынша осы уақытқа дейін Эверест шыңын бағындырған 800-ші, ал Қазақстаннан алғашқы әйел болып отыр. Эвересті бағындыру арманы мен алғашқы болудың салмағы туралы OY-DETOX төрінде сөйлестік.


    Сондай-ақ, біз Анармен спорт пен альпинизмдегі әйелдердің үлес салмағы, еліміздегі скайранинг пен марафондар деңгейі, Эверестке дайындық және оны бағындыру сәті, қорқыныш пен үміт туралы сөйлестік.


    Әйнел Әмірханның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/ainelkai/


    Анар Бурашеваның инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/anar_burasheva/

    Бұл эпизод Kingston компаниясымен серіктестікте дайындалды. Kingston - жады карталарын, оперативті жады, SSD жинақтағыштарын шығаратын компания. Біз жұмысымызда былтырдан бері Kingston жинақтағыштарын пайдаланамыз және оның ауыр әрі көлемді файлдарды жылдам көшіру қабілетіне тәнтіміз. Әрі жеңілдігі де, ықшамдылығы да ұнайды. Компания туралы толығырақ Kingston сайтынан таныса аласыздар.


    Сондай-ақ, шығарылым үшін жүргізушіге киім ұсынған GKost отандық брендіне алғыс білдіреміз. Қазақ тіліндегі подкастарды тыңдап, отандық бренд киімдерін қиіңіздер. Бренд киімдерін https://www.instagram.com/gkost_basic/ парақшасынан қарап, тапсырыс бере аласыздар. Инстаграм парақшасына жазылған OY-DETOX достарына 15% жеңілдік бар. Ол үшін Әйнел Әмірханның да парақшасына жазылған болу керек.









    Thu, 13 Jun 2024 - 52min
Mostrar mais episódios